НУ: Университет маған не берді?

НУ: Университет маған не берді?
Фото: НИШ Атырау

Назарбаев Университеті – еліміздегі дербестік және академиялық еркіндік қағидаттарына негізделген ең алғашқы университет. Білім деңгейінің биік көрсеткішін көрсете алған университет қабырғасында білім алу үшін де қажетті мөлшерде тер төгуің керек. Негізгі пәндерден бөлік ағылшын тілін жетік меңгеріп, болашақты Қазақстанның ғылыми дәрежесін асқақтата алатыныңа сенім артуың керек.

Назарбаев Университеті алғашқы түлектерін 2015 алтын ұядан ұшырған болатын. Бүгінде түрлі саланың белді мамандары болып, қызмет атқарып отырған азаматтар «Университет нені үйретті?» деген сауалға былайша жауап қатты:

1)  Өздері зерделейтін саланы терең және толық білуге деген мүмкіндіктің жоғары болуы;
2)  Ақыл-ойының зеректігі, білімге құмарлығы, креативтілігі әрі ой өрісінің кеңдігін жетілдіру;
3)  Топпен бірлесе жұмыс жасай алуы, кәсіптік ортада ойластыра шешім қабылдау мүмкіндігі;
4)  Тілдер мен мәдениеттерді тез меңгеріп, оны өмірде өзара байланыстыра білу;
5)  Елді дамытуда жетекші рөлді өзіне алуға дайын болу жауапкершілігін ұғыну.

Сонымен қатар, бүгінде магистр дәрежесін алу үшін білім алып жатқан Майра: «НУ-дың студенті болу мен үшін болашақтың есігі арқылы ашылатын үлкен мүмкіндіктерге ие болу. Мен жоғары білім беру мектебінің магистрантымын. Бұл жерде біздер индивид ретінде өз ойымызды білдіре отыра, білім саласындағы мəселелерді шешуге арналған жолдарды қарастырамыз. Бұл университетің студенті бола тұра, көбіне теориялық мəліметке емес, шынайы қоғамдық практикалық мəліметке сүйенеміз. Осы екі мəліметті ұштастыра отыра, топпен бірге жұмыс жасап, бірге өзекті мəселелепді шешеміз. НУ-дың студенті болу бұл үлкен зерттеу əлеміне бөлену жəне жаңа мағлұматқа ие болу»,– дейді.

Назарбаев Университеті – жаңа мүмкіндіктер мен ғылымның қақпасы.

Т. Есқали