Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Жаңа оқу жылы құтты болсын!

1 қыркүйек Қазақстанда Білім күні аталып өтуде, бүгін мектеп партасына 2,6 млн астам оқушы отырады, олардың 277 мыңы алғаш мектеп табалдырығын аттағандар деп хабарлайды BNews.kz.

Білім және ғылым Министрлігінің хабарлауынша, жаңа оқу жылында Қазақстанда барлығы 76 жаңа мектеп есігін ашты.

Жаңа оқу жылы қарсаңында ОҚҚ брифингінде сөз сөйлеген білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов: «Алдағы 2014/2015 оқу жылдары қосымша тағы 153 жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Олардың жартысынан көп бөлігі – 73 мектеп республикалық бюджет есебіне салынған. Оқу жылының ішінде берілетін қосымша салынған 153 мектептің ішінде, 60-ы – ескі мектептердің орнына салынса, 12-сі – үш ауысымдық мектептерді оңтайландыруға қарастырылған», - деген болатын.

Білім және ғылым Министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2013-2014 оқу жылдары мектепке дейін білім беру ұйымдары 384 данаға өскен (294 балабақша, 89 кішігірім орталықтар). Бұл 1 жас пен 6 жас аралықтағы 49% баланы қамтуға мүмкіндік берген; 3 пен 6 жас аралықтағы – 73%.

Дайындаған: Анар Мұстафина

Сурет: mangystau.gov.kz

A. Mustafina