Massaget.kz ЕҰУ-дің журналистеріне шеберлік сыныбын өткізді

Massaget.kz ЕҰУ-дің журналистеріне шеберлік сыныбын өткізді

2013 жылдың қараша айының 25-і мен 26-сы күндері Массагет порталы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің журналистика және саясаттану факультетінің студенттеріне шеберлік сыныбын өткізді. Аталған факультеттің оқытушысы Бэлла Орынбетованың ұйымдастыруымен өткен шеберлік сыныбында Массагет порталының редакторы Мейіргүл Оңғарова мен аталған сайттың контент-менеджері Өмірбек Сансызбай дәріс оқыды. Сабақ қазіргі қазақ интернет журналистикасы мен блоггинг жайында өрбіді.

Шеберлік сыныбын журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы ашып, Еуразия Ұлттық Университетінің жетістіктерімен таныстыра келе, Массагеттің бұл қадамын құптайтынын жеткізді. 

Шеберлік сыныбы еркін форматта пікір алмасу түрінде өтті. Белді оқу орнының болашақ журналистері қазіргі интернет журналистика мен интернетті сауатты пайдалану тақырыбында өз ойларын ортаға салды. 

   

Шеберлік сыныбына студенттермен қатар, магистранттар мен докторанттар да қатысты.

Сабақты ұйымдастырғаны үшін факультет деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы массагеттіктерді алғыс хатпен марапаттады.

Массагет те Сақ Қайрат Өмірбайұлы мен Бэлла Орынбетоваға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, естелік сыйлық табыстады.  

Келесі күні шеберлік сыныбы аудиторияда өтті. 

Студенттерге блогты қалай жазу керектігі туралы видео көрсетіліп, интернетті дұрыс пайдалану, интернеттің таным көкжиегін кеңейтудегі орны туралы мәліметтер берілді.

Болашақ журналистер Массагет туралы да өздерін қызықтырып жүрген сауалдарына жауап алды. Белсенді студенттерге портал атынан естелік сыйлықтар табыс етілді. 


Отандық жоғары оқу орындары ішінде бірінші орында тұрған Еуразия Ұлттық Университеті, журналистика және саясаттану факультеті студенттерінің орнықты ойлары мен белсенділіктеріне қарап, аталған орданың студенті атына сай екен деген ой түйдік. 

Дайындаған: Әйгерім Жаңабайқызы

Сурет: Әйгерім Жаңабайқызы

М. Оңғарова