Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / АҚШ / Кепілдеме хат қалай жазылады?

Кепілдеме хат қалай жазылады?

Кепілдеме хат қалай жазылады?

Шетелдік университеттерге оқуға түсерде олар сіздің атыңызға жазылған кепілдеме хатты керек етеді. Кепілдеме хатты студент емес, оқытушы (жұмыс беруші) жазады.

Біз талапкерлерге мынандай кеңес береміз:
• 
Егер шетелдік университет кепілдеме хатты сіздің тек бір ғана оқытушыңыздан талап етсе, онда сізді студент ретінде жақсы білетін адамды таңдауды ұсынамыз: сіздің конференцияларға қатысуыңыз, мақаларыңыздың жарық көруі, зерттеу жұмыстарыңызды толық білетін адам болғаны жөн.

• Егер оқытушыдан бөлек, жұмыс берушіден хатты сұраса, онда бірден басшылыққа барғаныңыз дұрыс. Өзіңіздің бастығыңыздан оқу орнына сізді кәсіби тұрғыдан ұсынуын, компаниядағы жұмыс тәжірибеңіз бен жетілдірген дағдыларыңызды атауды сұраңыз.

Жазатын адамды таңдау барысында оның бұған қаншалықты қызығушылығы  бар әрі уақыт бөле алатынына сенімді болыңыз. Кепілдеме хаттың да жазылуы үшін түйіндемеңізді, жетістіктеріңіз бен өзіңіз туралы ақпаратты ұсыныңыз.

Кепілдеме хаттың авторын таңдарда мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
- Ол адаммен араңызда кикілжің болмады ма?
- Сіз туралы пікірі қандай?
- Сіздің өміріңіздің түрлі бағытымен таныс па?
- Сіздің кәсіби және академиялық қызығушылықтарыңыздан хабары бар ма?
- Бұндай құжаттарды қаншалықты жақсы біледі?
- Кепілдеме хатты уақытылы жаза ма?

Кепілдеме хаттың ағылшын тілінде болуы шарт. Ағылшын тілі халықаралық тіл қатарына жататындақтан қай университет болмасын шетелдік студенттен құжаттардың осы шет тілінде болуын талап етеді. Егер оқытушыңыз (жұмыс беруші) ағылшын тілін білмесе, университеттің заңды түрде аударылған нұсқасын қабылдайтынына сенімді болыңыз.

Кепілдеме хат құрылымы:  
• пәннің сипаты (немесе жұмыс орны) мен сабақ берудің тәсілдері;
• көрсетілген пән бойынша студент бағасы;
• оқу барысындағы қызуғушылығы мен атқарған жұмысы;
• автордың студент, оның жұмысы, атқарған міндеті мен өзге оқытушы және студенттермен қарым қатынасы жайындағы өзіндік пікірі;
• егер хатты жұмыс беруші жазса, онда ол қызметкерінің жұмысы, оның мамандығына қатысы мен оған деген қызығушылығын, потенциалы жөнінде пікірін айтады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 31 мамыр, 09:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.