Кардифф университеті туралы

Кардифф университеті туралы

Кардифф университеті – Ұлыбританияның білім беру саласындағы негізгі орталықтардың бірі. Кардифф университеті 1883 жылы Король Чартердің үндеумен Оңтүстік Уэльс Коллледжі болып құрылған. 1972 жылы университет болып қайта құрылды.

Білім беру бағдары

Архитектура, Стоматология, Медицина, Акушерлік және Медбике ісі Кардифф университетінің негізгі курстарына жатады. Сонымен қатар, университеттің өзіндік ерекше курстары бар. Айта кетсек, музыкадағы физика және саясаттану географиясы. Университетте білім алудың орташа құны 9,000 £-ті құрайды.

Университетте 27 мыңнан астам бакалавр, магистратура және докторантура студенттері білім алуда. Аталған ЖОО-ында Еуропалық Кеңестің Президенті Рой Дженкинс, Иордания Премьер-Министрі Фейсал әл-Файез және Нобель сыйлығының лауреаты Мартин Эванс секілді атақты саясаткерлер мен тұлғалар білім алған.

Студенттік өмір

Кардифф түбегі соңғы жылдары түбегейлі өзгертілуде. Бірнеше жыл бұрын бұл мекен көмір тасымалдаудағы негізгі кемежай болған болса, енді жағажай мейрамхана мен барларға толы. Кардифф 73 000 адамға лайықтап салынған регби спорттық жарыстары өткізілетін Millennium стадионымен әлемге әйгілі. Университеттің екі негізгі ғимараты бар. Бірі Cathays саябағының қасында орналасқан болса, екіншісі Heath саябағында орын тепкен. Кардифф университетінің студенттеріне арналған жатақханада тұру бағасы аптасына 71-99 £-ті құрайды. Ал университеттен тыс жерден тұрақты жалға алатын болсаңыз, аптасына 55-65 £ шамасы болады.

Футболдан университеттің негізгі құрамасы

Университет ұжымы жуырда 30 миллион £-ті қамтитын екі үлкен ғылыми институтын ашуды жоспарлап отыр. Олар – Қатерлі ісік жасушаларын зерттеу институты мен Психикалық денсаулықтың ғылыми-зерттеу институты. Сонымен қатар, Университет төңірегінде 20-дан астам кітапхана жұмыс істейді. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.cardiff.ac.uk

Ж. Өрісбай