Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?

Өміріздің бал шағы – студенттік өмір болса, студенттік өмірдің бір қызығы – жатақхана. Қазіргі таңда қазақстандық жоғарғы оқу орындарының көпшілігінде арнайы жатақханалары бар. Соның бірі – Назарбаев университеті жатақханасы. Мұнда студенттерге барлық жағдай жасалған. Бұл жайында толығырақ "Жұлдыз FM" радиосына берген сұхбатында оқу орнының студенттік істер жөніндегі департаментінің менеджері Ақдана Бакирова баяндап берді.

"Жатақхана ортасында біз студенттердің өзін-өзі тануға, студенттік өмірге белсене қатысуға қызықтырамыз. Жатақханада өмір сүру және академиялық спорт және басқа да мүмкіндіктерді қолдана білу студенттерді университеттегі келешек міндеттерін атқаруға шабыттандырады.

Университет жатақханасының барлық бөлмелерінде үстел және шкаф болады. Бөлме нөмірі блоктарға байланысты өзгеріп отырады. Шамамен университеттің 80 %-дан астам студенттері кампуста өмір сүреді, 9 резиденттік блок бар. Әр резиденттік блокта блок менеджері және резидент көмекшілер болады. Жаңадан қабылданған студенттерге төрт адамнан жататын бөлме берілсе, кейіннен ол студенттерді екі адам тұратын бөлмелерге көшіреді. Үш түрлі резиденттік ғимараттар бар. Ол 7 қабатты, 10 және 12 қабатты резиденттік ғимараттар.

Резиденттік құрал-жабдықтар, медициналық бөлме, сабақ оқитын жер, кір киім жуатын жер және кіші дүкендер, сауда аппараты, шаштараздар және асханалар жатақханада бар. Студенттердің тамақтануы – ол арнайы ас бөлмесінде ас әзірлеуіне болады. Ол студенттердің тамақ дайындауы үшін барлық блоктардың әр қабатында толық техникамен жабдықталған ас үйінде жасалады немесе асхана сервисін қолдануға болады.

Барлық студенттер new plan арнайы бағдарламасымен тамақтануға болады және жатақхана резиденттері үшін бірнеше асхана жұмыс істейді. Олар жайлы толық мағлұматты университет сайтынан қарауға болады," - дейді.

Назарбаев Университеті (НУ) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы ашылған.

НУ сапалы білім беруді, маңызды зерттеулерді және батыл инновацияны біріктіретін халықаралық деңгейде танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады, осылайша ел мен қоғамның одан әрі дамуына үлес қосады. Құрылған сәтінен бастап НУ, академиялық және ғылыми көшбасшылыққа жету үшін, жергілікті және әлемдік қауымдастықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру және болашаққа дайын түлектерді дайындау үшін құндылықтар мен стандарттарды белгіледі.

2018 жылғы желтоқсанда Жоғары қамқоршылық кеңес 2018-2030 жылдарға арналған жаңа стратегияны мақұлдады. Стратегия жаһандану және серпінді технологиялар дәуірінде қаланған негізге сүйене отырып, өзгерістерге дайындалуға бағытталған.