Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / Ғылымға құштар жастарға

Ғылымға құштар жастарға

Ғылымға құштар жастарға

"Білекке сенетін емес, білімге сенетін заманда" жастарға білімге ұмтылып, ғылыммен айналысып, білікті маман атануына елімізде мол мүмкіншіліктер бар. Солардың бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және "Ғылым ордасы" кешенінің базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен білім беру бағдарламаларының негізінде Лингвистика мамандығы бойынша білікті магистр, доктор дәрежелі кадрлар дайындауда Жалпы тіл білімі мен еуропа тілдері кафедрасы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты біріккен оқыту жүйесінің орны зор.

Жалпы тіл білімі мен Еуропа тілдері кафедрасының тарихында ғылымға елеулі үлес қосқан көптеген ғалымдар еңбек етті. Айта кетсек, түркі тілдері фонеткасының маманы Ж. Аралбаев, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор К. Аханов, ҚР Гуманитарлық академиясының академигі, белгілі түркітанушы ғалым А. Аманжолов және де  т.б. Тіл білімі институтында Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Ғ. Бегалиев, Қ. Есенов, Е. Жанпейісов, С. Исаев, К. Хұсайын, Қ. Қалиев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Т. Жанұзақов, Б.  Әбілқасымов, Ш. Сарыбаев сынды тіл білімінің әр саласын зерттеп, өзіндік ізін қалдырған ғалымдар тер төккен.

Ғылымға өз қолтаңбаларын қалдырған тұлғалардың дәріс берген киелі орда қабырғасында білім алу "білсем, үйренсем" деген адам үшін үлкен мектеп болары анық. Жалпы тіл білімі мен еуропа тілдері кафедрасы мен Тіл білімі институтында білім алу нағыз ғылымның қайнап жатқан қазанына араласу деп білемін. Өйткені университет пен институтта үнемі түрлі іс-шаралар болып жатады. Білім беру жүйесі тек теорияға негізделмей, практиканы да қоса қамтып отырады. Факультет пен институтта әртүрлі халықаралық, республикалық ғылыми теориялық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіледі, шетелден дәріс оқуға ғалымдар шақырылып отырады. Филология және әлем тілдері факультетінде жыл сайын К. Аханов оқулары, әл-Фараби олимпиадасы өткізіледі. Сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі беделді университеттерде шетелдік тағылымдамадан өтіп, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алуға мүмкіндіктер бар. Мұндай іс-шаралар студенттерге ғалымдармен пікір-алмасуға, түрлі зерттеулермен танысуға мүмкіндік береді әрі өзіндік зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институттан жылына төрт рет "Тілтаным" атты журнал шығып отырады. "Ғылым жолы – қиын жол", "Ғылымда адамгершілікті, төзімділікті, тазалақты, әділдікті ұстанғандарға ғана орын бар" үйрететін ұстаздарымыз студенттерді тек ғылымға баулып қана қоймай, адамгершілік пен ар тәрбиесін де беріп отырады.

Дана Абай "Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба" деп айтып кеткендей, қазақ ғылымының дамуына өз үлесін қосамын, ғылымда өз орнымды қалыптастырамын деген әрбір ізденушіге жалпы тіл білімі және Еуропа тілдері кафедрасына Тіл білімі институтымен біріккен білім беру жүйесінде білім алуға кеңес беремін.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және "Ғылым ордасы"
кешенінің базасындағы 
ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен
білім беру бағдарламаларының
 1-курс докторанты Кегенбекова Алтын

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті оқытушысы
Рамазанов Талғат Бекболатұлы

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Т. Рамазанов
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2019, 11:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->