Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / Фариза - тұнық жырдың тұмары

Фариза - тұнық жырдың тұмары

Фариза - тұнық жырдың тұмары

Бойында Әлия мен Мәншүктің өр рухы, қайтпас қайсарлығы мен мұқалмас жігері ұялаған, өмірін өлеңмен өрнектеген поэзия падишасы атанған Фариза апамыздың көзі тірі болса, биыл 80 жасқа толар еді. Ол 1939 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысының Исатай ауданына қарасты Манаш ауылында дүние есігін ашқан. Ел мұңының жаршысына,  ұлтының мақтанышына, жүректерді әнмен тербеткен  жыр дүлдүліне айналған, бүкіл саналы ғұмырын өз халқына қалтқысыз, адал қызмет етуге арнаған Фариза Оңғарсынова 2014 жылы 23 қаңтарда ақтық сапарға аттанды.              

Қазақта "жақсының аты өлмейді" деген аталы сөз бар. Ақын Фаризаның өнегелі өмірі мен артына қалдырған мол әдеби мұрасы, теңдессіз жыр жауһарлары жадымызда әрдайым жаңғырып, жүрегімізде мәңгі сақталары хақ. Мұның айқын дәлелі - ақын апамыздың 80 жылдығына арналған еліміздің түкпір-түкпірінде әдеби шаралардың өткізілуі.              

Осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, "Филология және әлем тілдері" факультеті, "қазақ филологиясы-204" мамандығының студенттері мен куратор-эдвайзері Рамазанов Талғат Бекболатұлының ұйымдастыруымен өткен "Фариза-тұнық жырдың тұмары" атты әдеби-сазды еске алу кешін ерекше атауға болады. Әдеби-сазды кештің негізгі мақсаты – Фаризаның ақындық, тұлғалық қырларын аша отырып, қайталанбас талант иесінің жыр маржандарын насихаттау. Ақынның дүниеге келген сәтінен бастап оның жүріп өткен өмір жолын сахна төрінде шынайы әрі тартымды көрсете білген студенттер көрерменнің ыстық ықыласына бөленгенін айта кету қажет. Фариза жанының таза да пәк, жүрегінің нәзік иірімдерін айқын жеткізу көптің қолынан келе бермейтінін ескерсек, бұл кеш өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сахнаның көркемдік ерекшеліктеріне де айрықша мән берілген. Жігерлілік, намысқойлық, батылдық пен адамгершілік биігінен көріне білген  ақынның әкесі Оңғарсын Иманғалиевті, анасы Қалима Иманғалиеваны және Фаризаның бейнесін сомдаған жастардың жауапкершіліктің ауыр жүгін жүректерімен терең сезінгенін анық байқауға болады.

Өмір кезеңдеріндегі ақын тұлғасын шебер көрсете білген студенттер: "Ақын Фаризаның аруағы қолдап, барлығы сәтті өтті. Ұлы адамның рөлін сомдау үлкен жүрек пен  батылдықты талап ететінін анық сезіндік. Өзімізге артылған сенімді ақтау негізгі мақсатымыз болды. Сондықтан да, көп уақытымызды дайындық жасауға жұмсадық. Асқар тау әкесі мен анасының көзайымы болған кішкентай Фариза, еркін өскен, балалықтың бал дәмін тата білген мектеп кезіндегі қайсар Фариза, студенттік шақтағы жаны нәзік, бірақ, жігерлі жас Фариза, ақылы толысып, орта жасқа келген Фариза, адамгершіліктің ақ туын көтеріп, елінің елеулісі, халқының қалаулысына айналған есейген шақтағы Фариза нағыз қазақ қызының эталонына айналғанын айтқымыз келеді. Біз де қазақтың қызы деген асқақ аттың Фариза апамыздай қадіріне жетіп, қасиетін ұғынып, биіктете түскіміз келеді", - деп өз ойларын қорытты.

Кеш аясында Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған "Мен саған ғашық емес ем", "Айша бибі" сияқты әндер орындалып, студенттер өз шығармашылығынан ақынның құрметіне шығарылған арнау өлеңдерін оқыды. Әдеби-сазды кешті өз биігінен аласармаған, Алла берген таланттың тарланы Фариза апамыздың "Өлең, мен сені аялап өтем" атты өлеңін өз нақышына келтіріп орындаған дарынды өрен Қалиматова Ақнұр қорытындылады. Одан соң көрермендер "қонақ кәде" ұсынып, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Фариза Оңғарсынованың шығармаларын жатқа оқып, әндерін айтып, көпшілікті тамсандырды.       

"Жақсы өлең секілді жақсы адам" дегендей, Фаризаның әрбір өлеңі жадымызда қалай сақталса, оның жарқын бейнесі санамыз бен жүрегімізде мәңгі сақталмақ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 2-курс студенті
Жұмабек Қазына
Куратор-эдвайзер:
Рамазанов Талғат Бекболатұлы

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Қосылған күні: 17 қараша, 17:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.