Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға — 85 жыл!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға — 85 жыл!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға — 85 жыл!

Биыл еліміздің ең көне ЖОО-ның бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 85 жыл толды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы 1934 жылдан басталады. 1933 жылы 20 қазанда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі "Қазақстан үшін кадрлар даярлау туралы" № 2293 Қаулысын және педагогикалық институт базасында Қазақ мемлекеттік университетін ашу туралы шешім қабылдады. 1934 жылы 15 қаңтарда университеттің ресми құрылған күні ретінде тарихқа енді. Сол күні бұрынғы Верный ерлер гимназиясының ғимаратында сабаққа кіріскен биология және физика-математика факультеттерінің алғашқы 54 студенті қабылданды.

Университет құрамында қазіргі уақытта 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк жұмыс істейді; 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100 аса ірі академиялардың академиктері, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық мемлекеттік және атаулы ҚР сыйлықтарының лауреаты және 40-қа жуық жас ғалымдар сыйлықтарының лауреаты, 47 Мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендиаттары жұмыс істейді. Университетте жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда.

QS халықаралық рейтинг агенттігінің (Ұлыбритания) зерттеу қорытындысы бойынша, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2019 жылы әлемнің 800 үздік университеттерінің арасында 207 орын алып, топ-250 университеттің қатарына кірді. Осы рейтингте 2010 жылдан бастап 362 позицияға, ал 2016 жылы 39 позицияға көтерілді, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан және Орталық Азия университеттері арасында алғаш рет осындай маңызды көрсеткіштерге қол жеткізді. 2018 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тағы бір үлкен серпіліс жасады - QS "World University Rankings"халықаралық рейтингісінде тағы 16 позицияға алға жылжып, әлемнің 800 үздік ЖОО арасында топ-220 қатарына енді. Посткеңестік кеңістіктегі екі университет ғана осы топқа кірді - Ломоносов атындағы ММУ (РФ) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірнеше жыл бойы тұрақты даму Тұжырымдамасы аясында білім беру мәселелері бойынша БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның қағидаттары мен бастамаларын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Университетте қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелеріне, соның ішінде тұрақты даму мәселелеріне арналған конференциялар, дәрістер, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

2014 ж. қаңтар айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұрақты даму мәселелері бойынша United Nations Academic Impact (БҰҰ Академиялық әсері) жаһандық хабын басқаруға сенім білдірді. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның хатында жаһандық хабтың ашылуына байланысты: "БҰҰ бағдарламасы "Академиялық ықпал" барлық елдер арасында пікір, идеялар және тәжірибе алмасуға арналған диалог алаңы болып табылады. ҚазҰУ бүкіл адамзаттың өмірлік маңызды мәселелерін шешуде жаһандық академиялық қауымдастықты белсендіруге жан-жақты бейілділігін көрсетеді. Сіздің ғалымдарыңыздың ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің нәтижелері Тұрақты даму идеяларын ілгерілетуге ықпал етеді. Мен БҰҰ "Академиялық ықпал" бағдарламасының хабының басшылығымен ҚазҰУ-дың қызметіне үлкен үміт артамын және ұжымға зор табыстар тілеймін".

Содан бері, 2020 жылға дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біріккен Ұлттар Ұйымының "Академиялық ықпал"бағдарламасының ғаламдық хабын басқарып келеді.

Университет осы бағытта үлкен тәжірибе жинақтады.  Университет ЮНЕСКО-мен тығыз байланыста, сонымен қатар 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін БҰҰ-ның Тұрақты даму бойынша академиялық әсері бағдарламасының Жаһандық хабы болып табылады, "Al-Farabi university smart city", Model UN New Silk Way, "Жасыл көпір" және т.б. жобалар жүзеге асырылуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың инновациялық дамуының мемлекеттік саясатын жүзеге асыра отырып, әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне көшуді табысты жүзеге асырып, өзі туралы әлемдік білім беру нарығының жоғары бәсекеге қабілетті қатысушысы ретінде мәлімдейді.

Оқуға құзыретті көзқарас белсенді енгізілуде, академиялық ұтқырлық кеңеюде, пәнаралық байланысты қамтамасыз ететін мықты кафедралар мен ҒЗИ құрылады, ғылыми жобалаудың тиімділігін арттыру, оның инновациялық құрамы, университетте қуатты зияткерлік орта құруды қамтамасыз ететін барлық ұжымның корпоративтік рухы нығаюда.

Университеттің барлық ұжымын, барлық студенттер мен түлектерді осындай айтулы мерейтоймен құттықтаймыз! 

Жарқынбаева Р. С., т.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дүние жүзі тарихы,
тарихнама және деректану кафедрасының профессоры
Садықова А. Б., "Тарих, археология және этнология" факультетінің
І курс магистранты

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: kaznu.kz
Қосылған күні: 10 қараша, 14:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.