Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / Шнобель – 2019: "Адамның күлкісін келтіретін" ғылыми жаңалықтар

Шнобель – 2019: "Адамның күлкісін келтіретін" ғылыми жаңалықтар

Шнобель – 2019:

Атақты Нобель сыйлығы 1895 жылы швед ғалымы Альфред Нобельдің бастауымен құрылды. Ал Шнобель ше?Америкалық “Ақылға сыймайтын ашылулар шежіресі” (Annals of Improbable Research) аталатын ғылыми сатиралық журналдың редакциясы 1991 жылы ғылыми құндылығы жоқ ашылулар жасауға өз өмірін құртатын ғалымдарды марапаттауды қолға алады. Нобель сыйлығының сатиралық баламасы ретінде берілетін бұл сыйлықтың атауы — Ig Nobel Prize, ignoble сөзі ағылшын тілінен аударғанда — «масқара» деген мағына береді. Ал, орыс тілінде оны тілдік ерекшелікке орай “Шнобель сыйлығы” деп атайды.

Өткен аптада Гарвард университетінде 29-шы Шнобель марапатын табыстау рәсімі өтті. Сонымен "адамның күлкісін келтіретін" ғылыми жаңалықтар легімен таныс болыңыз:

Медицина

Кім: Сильвано Галлус, Италия

Не үшін: Пицца адамды ауру мен өлімнен құтқарады. Ол міндетті түрде Италияда пісірілген болуы тиіс.

Медициналық әдіснама

Кім: Карен Прайор мен Тереза ​​Маккеон, АҚШ

Не үшін: Цирк жануарларын дыбыс арқылы үйрету жүйесі ортопедиялық операциялар жасайтын хирургтарға да жарамды.

Биология

Кім: Лин-Джун Конг, Герберт Крепаз, Агнешка Горецка, Александра Урбанек, Райнер Думке мен Томаш Патерек.

Не үшін: Өлген тарақан өзін тірілерге қарағанда өзгеше ұстайды.

Химия

Кім: Жапониялық ғалымдар тобы.

Не үшін: 5 жасар баланың аузында күніне қандай көлемдегі сілекей түзілетінін өлшеп шығарған.

Инженерия

Кім: Иман Фарахбахш, Иран.

Не үшін: Бала жаялығын ауыстыратын машина ойлап тапқан.

Экономика

Кім: Хабип Гедик, Тимоти А. Восс пен Андреас Восс (Түркия, Нидерланд, Германия)

Не үшін: Қай елдегі ақшаларда қауіпті бактериялар көбірек екенін анықтаған. Ол Румыния болып шықты.

Анатомия

Кім: Гад А. бен Сайф, Александр Папою, Лилиана Банари, Фрэнсис Макглоун, Шон Дж. Кватра, Йионг-Хуак Чан мен Гил Йосипович.

Не үшін: Қышыманы тырнағаннан алатын рахатты өлшеген. Алақан мен арқаны тырнау ең күшті ләззат беретіні анықталған.

Психология

Кім: Фриц Штрак, Германия.

Не үшін: Ауызға қалам салу адамды көңілді етеді деген тұжырым жасап, кейін оны жоққа шығарған.

Физика

Кім: Патриция Ян, Александр Ли, Майлз Чан, Алинн Мартин, Эшли Эдвардс, Скотт Карвер мен Дэвид Ху.

Не үшін: Вомбаттардың кубик тәрізді дәрет сындыруының себептерін анықтаған. 

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 17 қыркүйек, 10:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.