Магистратураға қабылдау ережелеріне өзгеріс енгізілді

Магистратураға қабылдау ережелеріне өзгеріс енгізілді
Фото: freepik.com

2019 жылы ЖОО магистратурасына іріктеу форматына өзгеріс енгізілген еді. Жаңа формат бойынша биыл 30 мыңнан аса үміткер кешенді тест тапсырды. Білім және ғылым министрлігі кешенді тест нәтижесі бойынша пәндердің шектік баллына өзгеріс енгізді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

"Магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық шкалаға сәйкес кемінде 50 балл,⠀мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін – кемінде 75 балл оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша (бір дұрыс жауап таңдау) – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау пәні бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.⠀

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін – кемінде 50 балл, ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 25 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл ретте: оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.⠀

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау КТ және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін – кемінде 75 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша әр шығармашылық емтиханнан - кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, биыл магистратурада оқуға 13 484 мемлекеттік білім беру гранты бөлінген. Оның ішінде ғылыми педагогикалық магистратураға 12 984, ағылшын тілінде оқытылатын бейінді магистратураға 500 грант беріліп отыр.

Massaget