Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / Әлемдік білім аренасындағы ұлттық университет

Әлемдік білім аренасындағы ұлттық университет

Әлемдік білім аренасындағы ұлттық университет

Еліміздегі білім мен ғылымның флагманына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – әлемдегі беделі мықты оқу орындарының бірі. Халықаралық QS "World University Rankings" рейтингі бойынша әлемнің үздік университеттері арасында 220-орынға, Times Higher Education рейтингі бойынша елімізде көш бастап, Азияның 251-300 үздік университетінің қатарында болуы соның айқын дәлелі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің беделді 300-ден астам университетімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан және Халықаралық, Еуропалық және Еуразиялық университеттер қауымдастықтарының, Дүниежүзі университеттер консорциумының мүшесі.

Қазақ ұлттық университеті студенттерге білім беріп қана қоймай, олардың тұлға болып қалыптасуына да барынша жағдай жасайды. Филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы – университеттің аталмыш миссиясын жүзеге асыруда ерекше еңбек етіп жүрген бірегей кафедраларының бірі. "Лингвистика" және "Шет тілі: екі шет тілі" мамандықтары бойынша қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын кафедра әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен тығыз жұмыс жасап, халықаралық қатынасты жоғары деңгейде жүзеге асырып келеді. Жыл сайын кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттары АҚШ, Еуропа, Азияның үздік университеттерінде тағылымдамадан өтеді. Кафедра магистранттары мен докторанттары әр жылдары Нидерландыдың Утрехт университетінде, Францияның Париж 8 университетінде, АҚШ-тың Колумбия, Вашингтон университеттері, Конгресс кітапханасы мен Тілдер жөніндегі біріккен ұлттық комитет – Тілдер және халықаралық зерттеулер ұлттық кеңесінде, Испанияның Барселона, Гранада, Ла-Корунья университеттерінде, Германияның Гумбольдт және Гете университеттерінде, сонымен қатар Канада, Корея, Венгрия, Словакия, Чехия, Түркия және Ресейдің көптеген университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. Ғылыми сапарлар ҚР БҒМ, ҚазҰУ немесе шетелдік серіктес университеттер есебінен жүзеге асырылады. Шетелдік жоғары оқу орындарын көріп, олардың ғалымдарынан кеңес алып, өз тәжірибесін олармен бөлісу білім алушылардың білімінің шыңдалуына, білігінің артуына оң әсерін тигізеді.

"ЖОО үздік оқытушысы" гранты, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін гранттық қаржыландыру жобалары немесе шетелдік гранттар арқылы халықаралық деңгейде біліктілігін арттыру мәселесіне келгенде кафедра оқытушылары да аса жоғары белсенділік танытады. Оқытушылар әлемнің озық университеттерінен жиған тәжірибесін ҚазҰУ-да бөлісіп, университетіміздің әлемдік кеңістікте ілгерілуінде жетекші рөл атқарады.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры Ж.К. Ибраева,
аға оқытушысы Г.С. Нәбиева

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Massaget
Фото: vlast.kz
Қосылған күні: 13 мамыр, 18:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.