Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / Білімді ұрпақтың бірегей ордасы

Білімді ұрпақтың бірегей ордасы

Білімді ұрпақтың бірегей ордасы

"Білімді болу деген – жаңалық
ашуға қабілетті болу"

Әбу Нәсір әл Фараби 

Әрбір мемлекеттің болашағы ел жастарының қолында. Болашақта ел тізгінін бүгінгі жастарымыз ұстайды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлт болашағы -білімді ұрпақ қолында" дегені жарқын істерге апарар жолды меңзеп тұрғандай. Расында, бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті емес пе?

Ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Тәрбие мен білім қатар жүрсе ғана бәсекеге қабілетті, жан – жақты, өзіндік мені қалыптасқан ұрпақ өсері анық. Білімді ұрпақтарымызға тәрбие мен елжандылықтың жетіспегендігінің салдарынан "Елім" деген азаматтар саны әлі де артпай отыр.

Бүгінгі таңда жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Оған дәлел Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазан күнгі халыққа жолдауы бола алады. Елбасымыз өз жолдауында жастарды қолдау керектігін айтып өтті. Студенттерді жатақханамен, ал жас мамандарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді қолға алуды тапсыра отырып, алдағы 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауды ұсынды. Қазақ баласының жақсы өмір сүруіне Елбасымыз жан жақты - жағдай жасауды өкіметке тапсырды. Қазақ халқының сонау тарих боп қалған ғасырлардың өзінде дана халық болғаны хақ.

Халқымыздың: "Білекті бірді жеңеді, білімді мыңды жеңеді", – деген нақыл сөзі бар. Мен өз ойымды білім туралы айтылатын көненің бір ғибратты әңгімесімен жалғағым кеп отыр.

Сонау VII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әліні  (Әли ибн Әби Талиб) ел ішінде "ілімнің қақпасы" деп атайды екен. Осы атақтың  рас - өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған. Олардың бәрі Әзірет Әліге бір ғана "Білім артық па, байлық артық па?" деген сұрақты қоятын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны шын мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі әр адам қойған бір сұраққа түрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген екен:

1. Білім артық, өйткені, ол - пайғамбарлардан қалған мирас, байлық - бақылдардан қалған мұра.

2. Білім артық, білімді адамның жанында адал достар көп, ал бай адамның қасында амал достар көп.

3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады.

4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Ал, байлықты жұмсай берсең, бір күні сарқылады.

5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің.

6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артықтығы осында.

7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.

8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық.

9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді еселейді. Байлық болса, сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады.

10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілік көрсетеді. Байлығы мол адам байлығына масаттанып мақтанады, астамшылық жасайды, сондықтан білім артық деген екен. (Мырзагелді Кемел "Абзалдық әліппесі")

Білім мен ғалымның қадір-қасиеті туралы қасиетті Құранда: "Шариғат тілінде білім сөзі – бір мәселені жан-жақты, анық-қанығына дейін жіті түсіну деген мағынаны білдіреді. Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі.Білім - жаратылыс жұмбағын шешетін илаһи кілт. Онсыз көзіміз көр, құлағымыз саңырау, санамыз қараңғы." делінген.

Біз өмір сүріп жатқан күрделі, әрі қарама-қайшылықтарға толы бұл ғасырымызға технологиялық ғасыр, ақпараттық-коммуникациялық төңкеріс ғасыры, спутниктер, бағдарламалар және жаһандану ғасыры немесе интернет дәуірі деп әртүрлі атаулар берудеміз. Бұл дәуірдің өткен ғасырлардан мүлде ерекше екендігі айдан анық.

Білімге жаны құмар еліміздің жастары үшін жеткілікті деңгейде білім алуға мүмкіндік мол. Қазақстанда мектеп жасындағы балаларға негізгі мектеп курсынан бастап өз білімін жетілдіруге мектеп – лицейлері мен гимназиялар жұмыс істесе, мектепті тәмәмдаған шәкірттер үшін жан - жақты білім көздерімен жабдықталған жоғары оқу орындары да жеткілікті. Сонымен қатар халықаралық деңгейде білім беретін жоғары оқу орындары да жоқ емес. Атап айтсам, Назарбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық, университеті, Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті т.б.

Алматы қаласындағы Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бүгінгі таңда еліміздегі сұранысқа ие салалар бойынша мамандар дайындауда 16 түрлі факультет жұмыс істеуде. Университетімізге Еуропа мен  Азияның түкпір түкпірінен жастар білім іздеп кеп жатса, өз студенттеріміз Ресей, АҚШ, Англия, Корея сияқты дамыған мемлекеттердің оқу орындарына жолдама алып, сол елдерден білім алып қайтуға мүмкіндік алып жатады. Бакалавриат (4-5 жыл), магистратура (2 жыл), докторантура (3 жыл) бойынша  өз білімін дамытамын деген жастарымызға университетте мүмкіндік жасалған. Жыл сайын бірнеше мыңдаған жас түлектер Қазақ ұлттық университетінің студенті атанып жатады. Осындай түлектер саны жыл санап артып келеді. Бұл жағдай бізді қатты қуантады. Жастарымыздың қол жеткізген жетістіктері әлемдік деңгейге жетуі үшін, ұстаздарға да қойылар талаптар жоғары деңгейде.

Бүгінгі заман жетістіктері жер шарындағы барлық адамзат баласына ортақ. Күн сайын жарық көріп жатқан таңқаларлық ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді игеруге жеке адам қауқарсыз. Ендеше, алдымен білім, екіншіден еңбек жеке адам үшін де, мемлекет үшін де дамудың даңғыл жолы болып табылатыны түсінікті. Бұл даңғыл жолдың басы мектептен басталса, жалғасын осындай әлемдік деңгейде бәсекеге қол жеткізе алатын білімді де еңбекқор жастарды тәрбиелейтін жоғары оқу орындарында таппақ.

Білімнің құнын ертеден – ақ даналарымыз көрсетіп кеткен. Айталық, Махмұд Қашқаридай данамыз: "Білімдінің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр", – десе, Шал ақын: "Білімің болса дағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей", – дейді. Ал, хакім Абай он сегізінші қара сөзінде: "Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де – ақымақшылық..." – деген терең ой қалдырды. Әрине, "оқу инемен құдық қазғандай", дегенмен, еліміздің жастарын білім алуға, ғылым жолына қадам жасауға шақырамын.

Қадірменді елімнің жас ұрпағы! Бүгінгі қай жағынан да қарқынды дамып жатқан заманда мына нәрсені есіңізден шығармағаныңыз жөн. Болашақта ғылым мен білімсіз өмір жоқ. Осы ақиқатты үстіміздегі ХХІ ғасыр дәлелдей түсуде. Өнер-білімі бар, мәдениеті жоғары елдермен тереземіз тең түсу үшін біз де білімге көңіл қоюымыз қажет. Өйткені, адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін тек қана – білім. Халық даналығы да: "Жемісті ағаш жерге иіліп тұрады, білімді адам елге иіліп тұрады", – деп білімді адамның берері көп екенін айтып кеткен. 

Мадина Ибраева
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ –дың
Филология және әлем тілдері факультетінің
І курс студенті
Жетекшісі: Рамазанов Талғат Бекболатұлы
Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
филология және әлем тілдері факультетінің оқытушысы

Фото: kaznu.kz
Қосылған күні: 09 мамыр, 11:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.