Milli Folklor журналының бас редакторы ҚазҰУ-да дәріс оқыды

Milli Folklor журналының бас редакторы ҚазҰУ-да дәріс оқыды
Фото: Маханбетәлі Арайлым

2018 жылдың желтоқсан айының 20 күні Тарих, археология және этнология факультетінің ұйымдастыруымен Түркияның ЮНЕСКО ұлттық комиссиясы мен ТҮРКСОЙ Ұлттық комиссиясының төрағасы, "Милли фольклор" журналының бас редакторы (Web of science, Scopus базаларында), Хаджи Байрам Вели атындағы Анкара университетінің профессоры Оджал Огуздың дәрісі өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың тарих, археология және этнология факультетінің деканы аталмыш шараның университет үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. ҚазҰУ өз студенттеріне білім мен ғылымды ғана беріп қоймай адамгершілік қасиеттерді де бойларына дарытуға ерекше мән береді.

Milli Folklor ғылыми журналы Скопус базасына енгізілген. 2013 жылғы мәліметтер бойынша журналдың SJR көрсеткіші 0.124-ке тең. Журналдың Түркия мемлекетінде басылып шығарылады. Жарияланған мақалалардың негізінен пәндік салалары мәдениет пен өнер салалары болып табылады.

Жалпы қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Milli Folklor ғылыми журналы тығыз байланыста. Университет қабырғасында қызмет атқаратын, атап айтқанда Ноғайбаева М., Омарбеков Т., Қартаева Т. және тағы да басқа ғалымдарымыздың мақалалары осы журнал беттеріне жарияланған. Жоғарыда айтып өткендей журналдың бас редакторы Оджал бей Терекбаева Ж. және Тоқсанбаев А. сияқты университет доктараннттарының ғылыми жетекшісі болып табылады.

Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің 1 курс магистранты
Маханбетәлі Арайлым
Ғылыми жетекшісі:
Қазақстан тарихы кафедрасының
доценті т.ғ.к. М.К.Мекебаев

Н. Үсенова