Шетелде жұмыс істеу үшін...

Шетелде жұмыс істеу үшін...
Фото: inosmi.ru

Шетелге оқуға кеткен барлық студент елге оралуды көздеп отырмағаны анық. Олардың мақсаты – сапалы білім алып, оқуға жұмсаған қаражаттарын қайтарымын алатындай, жалақысы мол жұмысқа орналасу екені де жасырын емес. Көптеген ел «ашық иммиграция» саясатын ұстанып, жастарды оқу үрдісі арқылы қызықтырады. Ал, өзге мемлекеттер жұмыс істеуге мүмкіндік сыйлап немесе еңбек тәжірибесінен өтуге рұқсат етеді.

Ұлыбритания
Оқудан соң бұл елде қалу – қиын. Өйткені, еңбек визасын алу үшін ұзақ тер төгуге тура келеді. Жұмыс беруші үшін де шығындар артады. Ең тиімдісі – Англияда білім алып, өзге мемлекеттерге алдын-ала түйіндемеңізді жіберіп, жұмыс іздеу немесе елге оралу.

Аустралия
Шетелдік – түлек бұл елде екі жыл білім алғаннан соң, «түлектер визасына» ие болады. Бұл елде қалып, жұмыс іздеуге не істеуге мүмкіндік береді. Төрт жылдық еңбек келісімшарты аяқталған соң, мерзімсіз визаға ие болады. Бұл бұл елде тұрақтап қалуға болады дегенді білдіреді.

АҚШ
Білім алған студент OPT (Optional Practical Training) бағдарламасы бойынша мамандығына сәйкес 1-2,5 жыл қалуға мүмкіндігі бар. Дегенмен, бұл бағдарламаның жарамдылық мерзімі аяқталмайынша еңбек визасына өткен жөн.

Ирландия
Түлектер ресми түрде елде бір жыл қалып, жұмыс істей алады. Жұмыс тапқан сәтінде еңбек визасына тапсырыс беруі тиіс.

Канада
Елде қалу үшін оқу арны мемлекеттік аккредитациядан өтуі тиіс. Ал, оқу мерзімі бір жылдан кем болмауы тиіс.

Жаңа Зеландия
Түлектер автоматты түрде «түлектер» визасына ие болып, 1 жыл уақытын жұмыс іздеуге арнайды. Жұмыс табылған бойда, еңбек визасына көшіп, елде тұрақтауға тиісті құжаттарды қарастыратын құқықтық органдармен байланысады.

Т. Есқали