ЖОО өзін өзі басқару деңгейіне өту кезеңі алыс емес

ЖОО өзін өзі басқару деңгейіне өту кезеңі алыс емес
Фото: www.nkzu.kz

Данышпан әл-Фарабидің ізгілікті әлеумет туралы ілімі Қазақстанда интеллектісі жоғары қоғам құруға қабілетті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 80 жылдық мерейтойына қатысу мақсатында Солтүстік Қазақстанға барды. Осы сапарында аймақ басшысы Қ.І.Ақсаловпен кездесіп, елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, оның жүзеге асырылуын, ЖОО жағдайы мен әлеуетін талдады.

Еліміздің көшбасшы оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлардың атқарылған міндеттерін онлайн режимінде осы аймақтық университетпен бөлісуге дайын. Виртуалды академияға, әл-Фараби атындағы олимпиадаға қатысуға және педагогтар өз оқыту әдіснамасы туралы жазған мақаласын аттас журналға жариялауға ұсыныс айтты. Солтүстік Қазақстандағы жоғары оқу орнының оқытушылары мен қызметкерлеріне осындай зор мүмкіндіктер ұсынып отыр.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқу орнының 80 жылдық мерекесі кезінде Петропавлдағы Погодин атындағы театр сахнасына шығып сөйлеген сөзінде осы ұсыныстарын айтып, жергілікті халықты бір қуантты.

Озық шетелдер тәжірибесіне көз жүгіртер болсақ, АҚШ, Дания, Ұлыбритания, Финляндия, Ирландия елдері әлдеқашан өзін қөзі басқару деңгейіне жетіп үлгерді. Автономияландыру бағытында еркін қалықтап ұшу үшін қазақстандық жоғары оқу орындарының интеллектуалдық күш-қуатын біріктіріп, бір механизм секілді үйлесімді түрде жұмыс істеп үйренуіміз керек. Күш – бірлікте.

«Академиялық және өзін өз басқаруға бағытталған заманауи ЖОО-ның академиялық саясаты» тақырыбындағы Республикалық семинар-мәжілісте бір ауыздан осы байламға тоқталды. ЖОО ректорлары Ғ.Мұтанов, С.Өмірбаев, Р.Алшанов, Е.Әділ және басқа да тәжірибелі білім менеджерлері осы пікірде қостады.

Университетіміз автонoмияландыру жолында осындай берік қадамға барып жатқаны бәрімізді қуантады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы трендті мықты мұзжарғыштай бастап шығуға әзір.

@. @assel_assanova