Марк Цукерберг ғылыми дәрежесін 12 жылдан кейін алды

Марк Цукерберг ғылыми дәрежесін 12 жылдан кейін алды
Фото: vk.com

Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг ғылыми дәрежесін Гарвард университетіндегі оқуын тастап кеткеніне 12 жыл толғанда ғана алып отыр.

Бұл туралы Цукерберг өзінің Facebook парақшасында: "Анашым, мен міндетті түрде диплом аламын деп сөз беріп едім ғой",- деп жазды.

Нақтырақ айтсақ, Марк Цукерберг құқық ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. Ол 2002 жылы психология факультетіне оқуға түскен. Кейін үш досымен бірігіп университет студенттеріне арналған әлеуметтік желі ойлап тапқан. Идеяның мықты болғаны сонша, жоба үшін Цукерберг тіпті оқуын тастап кетеді.

Диплом табыстау рәсімі кезінде Марк Цукерберг былай деді: 

"Мен үшін, бүгін сіздердің қатарыңызда болу – зор мәртебе. Себебі, шындыққа тура қарайтын болсақ, сіздер менің қолым жетпеген нәрсеге ие болып отырсыздар. Егер мен осы сөзімді аяқтасам, бұл менің Гарвард университетінде аяғына дейін жеткізген жалғыз ісім болмақ. 2017 жылдың түлектері, сіздерді құттықтаймын!"

"Гарвардтағы алғашқы лекцияларыңыз есіңізде ме? Мен қатысқан алғашқы дәріс Гарри Льюистің Computer Science сабағы болатын. Кешігіп жатқан соң, футболкамның алдын артына қаратып киіп барғаным есімде. Ол кезде менімен Кей-Икс Джин есімді жігіттен басқа ешкім сөйлеспейтініне таңырқайтынмын. Ол қазір Facebook компаниясының бір бөлімінде жұмыс істейді. Менің ойымша, сіздер бір-біріңізге жақсы қатынас жасауларыңыз керек". 

А. Оралқызы