«Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының жаңа төрайымы сайланды

«Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының жаңа төрайымы сайланды
Фото: massaget.kz

2016 жылдың 31 қазанында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының конференц-залында партияның қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекованың қатысуымен «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының VIII кезектен тыс есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға «Жас Отан» Жастар қанаты Орталық аппаратының өкілі, қалалық мәслихат депутаттары, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалдары мен бастауыш бөлімшелерінің басшылары, жоғары оқу орындарының жастармен жұмыс жөніндегі комитет төрағалары, Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар бірлестіктерінің мүшесі, жас кәсіпкерлер мен Алматы қаласының белсенді жастары қатысты.

Конференция барысында Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Бейсенбаев Е. мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы баяндамасын оқыды.

Аталған іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы Аслан Байзахановтың жаңа қызметке ауысуына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрайымы, «Жас Отан» Жастар қанаты Орталық кеңесінің мүшесі Сыдықова Айдана Дәуренқызының кандидатурасы ұсынылып, бір ауыздан сайланды.

Сондай-ақ, «Жас Отан» ЖҚ АҚФ-тың 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына Жастар ұйымдарының ұсыныстары тындалады.

B. ZHAQSYMBET