Білім жәрмеңкесінен қалыс қалмаңыздар!

Білім жәрмеңкесінен қалыс қалмаңыздар!

Қазақстандағы Британдық кеңес Астана және Алматы қалаларында білім қуушыларға арнап "Education UK" жәрмеңкесін өткізбек. Шара Алматыда 25 қыркүйекте, Астана қаласында 26 қыркүйекте ұйымдастырылады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Britishcouncil.org сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жәрмеңкеде Ұлыбританияның 40 білім беру орны балалар мен ересектерге бағытталған орта, жоғары және бизнес-білім беру бағдарламасын ел назарына ұсынады. Сонымен қатар, жұртшылық қысқа мерзімді курстардың бағдарламаларымен таныса алатын болады.

Айта кетелік, шет елде оқуға ниеті бар кез келген азамат Ұлыбританияның түрлі университеттері мен колледждерінің өкілдерімен бетпе-бет сөйлесіп, оқу гранттары туралы анық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, талапкерлер шығармашылық портфолия жасаудың қыр-сырымен танысып, стипендияға өтініш беру туралы түсінік алуға мүмкіндігі бар.

Осылайша студенттер, оқушылар, жас және тәжірибелі мамандар Ұлыбританияның үздік университеттерінің бағдарламаларымен таныс болмақ.

Жәрмеңке барысында семинарлар және университеттер мен олардың оқу бағдарламасы туралы презентациялар да өткізіледі деп жоспарлануда. Мастер-кластар мен лекцияларға қатысқан кез келген жан Ұлыбритания университеттеріндегі сабақ беру стилін жүрекпен сезіне алады.

Мына жерде тіркелу арқылы барлық азаматтардың IELTS емтиханын тегін тапсыруға және Британ кеңесі ұйымдастыратын сайыстарға қатысып бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндігі бар - Kz.edukexhibitions.org. Тіркелу мерзімі бүгін, яғни, 10 қыркүйекте аяқталады.

Жәрмеңкеге кіру тегін.

Толық ақпарат мына жерде - BRITISH COUNCIL

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: edukexhibitions.org