«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» жобасы алға басуда

«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» жобасы алға басуда
Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

2016 жылдың 11-12 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекетіміздің басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын» және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруды қолдауға арналған V Халықаралық студенттік «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты - студенттер мен жас ғалымдарды «жасыл экономика» үрдісін дамытуға қатыстыру және тұрақты дамуды қамтамасыз ететін және экологиялық бастамаларды орындау саласындағы студенттік ұйымдармен тәжірибе алмасу мен қарым-қатынасты нығайту.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі ұйымдастырушылар қызметін атқарды.

Қонақтар қатарында халықаралық институттар мен ұйымдардың мүшелері де болды: ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ), Алматы қ. әкімшілігі, Қазақ-неміс университеті, «жасыл» экономика мен экологияның аспектілерін дамытатын «Car@wan» желісі. Баяндамашылар, студенттер мен жас ғалымдар Қазақстанның, Ресейдің, Венгрия мен Египеттің университтерінен келіп, экологияның барлық маңызды аспектілерін, экологиялық қауіпсіздікті, Қазақстанның жасыл экономикасын қарастырды.

Аталмыш іс-шарада үш өзекті бағыттар бойынша жұмыс жасалды:

«Тұрақты даму үшін әлеуметтік жобаларды алға бастыру және студенттерде экологиялық мәдениеттің қалыптасу проблемасы»; «Тұрақты даму және жасыл экономика мәнмәтініндегі «ерекше қорғалатын табиғи аймақтар»»; "Жасыл" экономикаға өту: білімнің, ғылымның және өндірістің өзара әрекеттестігі».

Форумның жабылуында резолюция ұсынылды және Форумның ұйымдастырушы ҚФ «Жандану әлемінің» атынан үздік жұмыстарға сыйлықтар берілді.

V Халықаралық «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» студенттік форумының ауқымы кеңейгені байқалып, жастардың елімізді өмір сүруге ыңғайлы, қауіпсіз және өркениетті мемлекет жасауға деген талпынысы сезілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұрақты даму

бойынша ЮНЕСКО кафедрасының

меңгерушісі Ященко Р.В.

Ө. Сансызбай