«Болашақ» стипендиясына үміткерлерден құжат қабылдау мерзімдері нақтыланды

«Болашақ» стипендиясына үміткерлерден құжат қабылдау мерзімдері нақтыланды

Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы №59 бұйрығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдау мерзімдері бекітілді, – деп жазады inform.kz.

«Биыл құжаттарды қабылдау үш кезеңмен өтеді. Бірінші кезең - 13 сәуірден бастап 8 мамырды қоса алғандағы уақытты қамтиды. Екінші кезең - 8 маусымнан бастап 10 шілдені қоса алғандағы уақыт болса, үшінші кезеңде 10 тамыздан бастап 1 қазанды қоса алғандағы уақыт қамтылмақ. Стипендия тағайындау конкурсы 2015 жылғы 12 мамырдан бастап 2016 жылғы 10 қаңтарға дейін өтеді», – делінген хабарламада.

сурет: altaynews.kz

Е. Қайрахан