БАҚ басшылары мерейтойлық медальмен марапатталды

БАҚ басшылары мерейтойлық медальмен марапатталды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 70 жылдыққа орай Мерейтойлық апталық басталды. Мерейтойлық апталықтың тұсауы «Шығармашылық күні» іс-шараcымен кесілді, – деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі «Қыздар университеті» медиа орталығана сілтеме жасай отырып.

Шығармашылық күнінің бағдаламасы бойынша университетпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеген БАҚ басшылары «ҚазМемҚызПУ – 70 жыл» Құрмет белгісі мерейтойлық медалімен марапатталып, университет туралы үздік материалдар жариялаған журналистерге қаржылай сыйлық табыс етілді. Марапаттаудан кейін бір ай бұрын жарияланған «Атыңнан айналайын, Қазақ қызы» атты жыр мүшәйрасының қорытындысы шығарылды.

Шығармашылық күнін ашқан университет ректоры Динар Жүсіпәліқызы: «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті сұрапыл соғыс жылдарында, 1944 жылы құрылғаны белгілі. Биылғы жыл киелі ордаға 70 жыл толды. Есеп беретіндей, ескерілетіндей кезеңде Қыздар университеті біршама жетістіктерге қол жеткізіп, өзінің бірегейлігін дәлелдеп келеді» деп қасиетті білім шаңырағының тарихына тоқтала келе, «ҚазМемҚызПУ-дың мерейтойын атап өту былтырғы оқу жылынан-ақ басталып кетті. 70-тің кемеліне аяқ басқан уақытта «70 жылдыққа – 70 шара» іс-шаралар жоспарын бекітіп, бір жыл бойы мерейтой құрметіне арнап басты-басты іс-шаралар қолға алынып, ойға алған мақсатымыз жүзеге асып, біршама нәтижеге қол жеткіздік», - деді.

Одан кейін университет басшысы Қыздар оқу ордасының білім, ғылым мен тәрбиелік жұмыстарын насихаттауға атсалысқан БАҚ басшыларын мерейтойлық медальмен марапаттады. «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры-Редакторлар кеңесінің төрағасы Ж.Кенжалин, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Н. Жүсіп, «Президент және халық» газетінің бас редакторы М.Тоқашбаев, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Ж.Шаштайұлы, «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы Ш.Паттеев, «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Қ.Сәрсенбай, «Ана тілі» ұлт газетінің бас редакторы С.Ибраим, «Алаш айнасы» порталының бас редакторы С.Жанболат, «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газетінің Алматы бюросының бастығы Қ.Аманжол, «Үркер» журналының бас редакторы Қ.Түменбай, «Заң» медиа корпорациясы» ЖШС Президенті Д. Өтеғалиев, «Қаламгер-Медиа» ЖШС атқарушы директоры Ж.Әшімжан, «Заң» газетінің бас редакторы Б. Әшірбаев, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Н.Әбдірахым, «Хабар» телеарнасының продюсері Л.Сапақова, «Білім және мәдениет» арнасының продюсері Р. Жугунусова, «СТВ» телеарнасының бас редакторы, қазақ редакциясының бастығы Б. Бердімұрат, «Алматы» телеарнасының бас редакторы А.Олжай, «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің Алматы бюросының бастығы С.Мустафина, BNews.kz ақпараттық агенттігінің бас редакторы Ж.Комбаева секілді белгілі БАҚ жетекшілерін марапттаған университет ректоры олардың қызметтеріне табыс тіледі.

Сонымен қатар, Қыздар университетінің тыныс-тіршілігін насихаттауға атсалысып, үздік материалдар жариялаған үздік журналистер мерзімді басылымдар, теле-радио және ақпараттық портал атты 3 аталым бойынша «ҚазМемҚызПУ Ректоры сыйлығының иегері» атағымен әрі ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Мassaget.kz

Н. Айдархан