Халықаралық олимпиада жеңімпаздары Қазақстанда 4 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлық алады

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары Қазақстанда 4 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлық алады

Қазақстан ақшалай сыйлықпен халықаралық зияткерлік олимпиадаларға қатысушыларды ынталандырады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

"Интеллектуалды бағыттағы халықаралық олимпиадаларға қатысушыларды ынталандыру және қолдау мақсатында бір реттік ақшалай сыйлықтарды белгілеу жоспарлануда. Ол жоспар бойынша – алтын – 1500 АЕК, күміс - 1000 АЕК, қола - 500 АЕК", - деп мәлімдеді министр үкімет отырысында.

Айта кетейік, 1 АЕК – 2917 теңге. Сыйлықақылар көлемі 1,4 миллионнан 4,4 миллион теңгеге дейін болады Сондай-ақ, жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдер мен тәлімгерлерге бір реттік ақшалай сыйлықтар беріледі.

Бұл шараларды жүзеге асыру үшін "Білім туралы" Қазақстанның Заңына білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін көтермелеу ережесін бекітуді қосу бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады.

Т. Раушанұлы