IV тоқсанда оқушылар қалай оқиды?

IV тоқсанда оқушылар қалай оқиды?
Фото: edu news

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Онда 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында оқу форматы қандай болатыны жазылған.

Жасыл және сары аймақтарда:

– барлық сыныптардың оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет.

Қызыл аймақта:

– мектепалды даярлық, 1-5 сыныптардың (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың) оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет;

– 9, 11 (12) сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқиды,сыныпта балалар санын 15-тен асырмау қажет.

Республиканың барлық өңірінде:

– контингенті 300 оқушыға дейін мектептерде балалар дәстүрлі форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет;

– сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.

Н. Үсенова