Мажарстанда тегін оқу стипендиясын қалай алуға болады?

Мажарстанда тегін оқу стипендиясын қалай алуға болады?

Мажарстан Үкіметі қазақстандықтарға 2021-2022 оқу жылына арналған "Stipendium Hungaricum" стипендиялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 29 қаңтарға дейін жалғасады, - деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Стипендиялық бағдарлама шеңберінде Мажарстан Үкіметі қазақстандықтарға келесі бағдарламалар бойынша 250 грант ұсынады: бакалавриат – 110 орын, магистратура – 90 орын, оқу мерзімі 5 жылдан 6 жылға дейінгі бакалавриат және магистратура – 30 орын, докторантура – 20 орын. Грант келесі шығындарды қамтиды: тегін оқу, ай сайынғы стипендия, жатақханада тұру және медициналық сақтандыру. Қалған шығындарды грант иегері өзі өтейді.

Конкурсқа қатысу шарттары:

–  бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – ағымдағы жылғы үлгерім табельдерімен қоса негізгі орта білім туралы аттестаттың/ куәліктің орташа балы (2020-2021 оқу жылының мектеп бітірушілері үшін) / арнайы орта білім туралы дипломның кемінде 4,0 (5,0-ден));

– магистр дәрежесін алуға және резидентура мен докторантурада оқуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломының орташа балының сәйкестігі кемінде 3,0 (4,0/4,33-тен).

Конкурстық іріктеу 2 кезеңнен тұрады: тәуелсіз сараптау комиссиясы өткізетін әңгімелесу және қорытынды комиссияның отырысы. Тәуелсіз сараптау комиссиясы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізеді.

Қорытынды комиссия Үміткерлердің балдарын есептеу мен әңгімелесудің нәтижелері бойынша халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға ниет білдірген үміткерлердің негізгі және резервтік тізімін бекітеді.

"Шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін конкурс жеңімпазы Қазақстанға оралып, 3 жыл жұмыс істеуге міндетті. Биылдан бастап бұл міндетті шарт болып табылады", – деді ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Еркебұлан Боранбаев.

Мажарстанның жоғары оқу орындарында оқуға құжаттарды қабылдау Egov.kz "Электрондық үкімет" порталы арқылы, сондай-ақ "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ сайтында алдын ала электрондық кезекті броньдау арқылы жүзеге асырылады


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар