Үндістанда 14 жастағы жасөспірім университетті аяқтады

Үндістанның Хайдарабад қаласында тұратын 14 жастағы Агастья Джейсвал Осман университетін бітіріп, бұқаралық коммуникация және журналистика бакалавры дәрежесін алды. Ол осы жаста университетті бітірген елдегі алғашқы студент.

Джайсвал басқа салаларда да табысты. Мысалы, ол ұлттық теннис жарыстарына қатысады және екі қолымен бірдей жаза алады.

2019 жылы 14 жасар жасөспірім АҚШ-та магистр дәрежесін алған еді. Келтон Костис тоғыз жасында Bellevue университетіне түсіп, 12 жасында веб-технологиялар бакалавры дәрежесіне ие болған, содан кейін ақпаратты басқару бойынша магистрлік диссертациясын қорғаған болатын.