Open Culture – 1500 пайдалы курс топтастырылған сайт

Open Culture – 1500 пайдалы курс топтастырылған сайт
Фото: freepik.com

Open Culture сайтында ағылшын тіліндегі 1500 тегін курс топтастырылған. Оның барлығы 40 сала мен тақырыпқа бөлінген. Авторлар курстар тізімін 14 жыл жинаған екен.

Тізімде Стэнфорд, Йель, Оксфорд, Гарвард сияқты университеттердің мамандары жасаған курстар мен дәрістердің жазбаларына сілтемелер бар. Оның барлығы iTunes, YouTube платформаларында немесе сол университет сайтында сақталған.

Курстар археология, философия, дизайн, архитектура, экономика, физика, тарих, журналистика, тіл білімі, заң, дінтану, социология, астрономия, аэронавтика және тағы басқа салалар бойынша жинақталған. Мысалы бір ғана философия бойынша 200 курс бар. Ал экономика мен қаржы курстарының саны – 84.

Экономика мен қаржы курстарының бір сарасы

Open Culture-ның есебінше, 1500 курстың барлығын тыңдау үшін 50 мың сағат керек екен.

Сонымен бірге осы сайттағы 1150 фильм, 800 электрон кітап, тіл үйренуге арналған 300 тегін сабақ, 1000 тегін аудиокітап білімқұмарлар кәдесіне жарауы мүмкін.

Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?

Massaget.kz