2020 жылғы

2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен стипендия 106 үміткерге берілді. Көп ұзамай олар оқуға кіріседі. Стипендиаттардың толық тізімімен мына сілтемеде танысуға болады.

Стипендиаттарды іріктеу Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу үлгісі бойынша толығымен автоматтандырылған. Конкурстық іріктеудің әр кезеңі прокторинг жүйесі арқылы цифрландырылған және бейнетіркеуге алынды.

"Біз кешенді тестілеу мен сұхбаттасу процесін өткізу тәсілін сапалы етіп өзгерттік. Үміткерлер оқу орнына өз бетімен түсуі тиіс, сондықтан пәндік сұрақтар қойып, тексерудің қажеті жоқ. Оның орнына біз үміткерлердің талдау, сыни ойлау, фактілерді түсіндіру дағдыларын және ерекше жағдайларда бейімделу қабілеттерін бағалауға назар аудардық.

Бұл дағдыларсыз шетелдік мықты жоғары оқу орындарында оқудың еш мағынасы жоқ.

Тағы бір басты жаңалық – барлық стипендиаттың білім алу барысы бойынша мониторинг Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа порталында цифрлық форматта жүзеге асырылатын болады. Енді стипендиаттарға жарты жылда бір рет транскриптерді сканерлеудің, есептер жазудың және анықтамалар жіберудің қажеті жоқ. Барлық дерек блокчейн технологиясына негізделген жүйеде жиналады. Ал сол жүйедегі кез келген өзгерістер автоматты режимде тіркеліп, сақталады. Бұл стипендианттарға қатысты ақпараттың негізсіз өзгеруіне жол бермейді", - деді білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Жүрекке пайдалы азық-түліктер
Жүрекке пайдалы азық-түліктер
Қазақстанның екі табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты тізіміне енеді
Қазақстанның екі табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты тізіміне енеді