Қазақстан құрамасы химия пәнінен халықаралық олимпиадада 4 қола медаль жеңіп алды

Covid-19 пандемиясы жағдайында халықаралық жарыс қашықтан өтті. Қазақстандық оқушылар 4 қола медаль жеңіп алды.

Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан осы турнирге іріктеу турлары мен Менделеев олимпиадасының жалпы рейтингісінің нәтижелері бойынша құрама команданың мүшесі болған 4 конкурсантты ұсынды.

Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команданың барлық мүшеcі (қола медальға ие болды. Олар: Қайырбек Хайдар (Павлодар қ. химия-биология бағытындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебі"); Мужубаев Әбілмансұр (Нұр-Сұлтан қ. химия-биология бағытындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебі"); Сейсенқұл Бақдәулет (Нұр-Сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты); Абдугафарова Кибриянур (Алматы қ. "Galaxy" халықаралық мектебі).

Халықаралық химиялық олимпиада (International Chemistry Olympiad-IChO) – бұл дарынды оқушыларға арналған химия пәні бойынша жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық олимпиада.