Магистратура мен докторантураға түсу үшін қажет халықаралық сертификаттар тізімі толықтырылды

Магистратура мен докторантураға түсу үшін қажет халықаралық сертификаттар тізімі IELTS INDICATOR және Duolingo English Test сертификаттарымен толықтырылды.

Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.

IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 6,0-тен кем емес, Duolingo English Test бойынша – 95-тен кем емес болуы қажет.

Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат міндетті болып табылады.

IELTS INDICATOR бойынша шекті балл – 5,5-тен кем емес, Duolingo English Test бойынша – 85-тен кем емес болуы қажет.

IELTS INDICATOR сертификатының қолданылу мерзімі 2 жыл, ал Duolingo English Test сертификаты 1 жылға дейін жарамды.