Депривация деген не?

Депривация деген не?

Депривация (лат.тілінен deprivatio - айырылу, жоғалу) – өмірдің ең негізгі қажеттіліктеріне қол жеткізе алмаған кезде туындайтын психикалық жай-күй.

Адам үшін бірдеңені жоғалту – ауыртпалық. Ешкім де тамақтануды, ұйқыны, қозғалу қабілетін және басқа да маңызды заттардан айырылғысы келмейді.

Депривацияның көптеген түрі бар. Ең кең таралғанын қарастырайық.

1. Сенсорлық депривация. Бұл сыртқы қоздырғыштың бір (немесе одан да көп) сезім мүшелерінен толық немесе ішінара айырылуы. Мысалы операциядан кейінгі көз патчтары немесе құлаққаптар болуы мүмкін. Бұл депривация медицинада, медитация мен йогада білінеді. Ал процесс ұзақ мерзімге созылса, жаман жағдайға әкелуі мүмкін.

2. Әлеуметтік депривация. Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетінің болмауы. Ал кейде адамның өзі ешкіммен сөйлескісі келмейді. Мұндай жағдай ерікті (тауда немесе үңгірде қалу) және мәжбүрлі түрде (мысалы адамды жалғыз түрме камерасына отырғызу) болуы мүмкін.

3. Ұйқының бұзылуы. Ұйқы нашарлауының алғашқы белгісі – галлюцинация. Егер адам басында галлюцинация екенін түсінсе, біраз уақыттан кейін болып жатқан нәрсеге сене бастайды. Бұл депривация бүкіл денеге әсер етеді: иммундық жүйенің әлсіреуі, психоз, есте сақтау қабілетінің бұзылуы.

Әрине, бұл қорқынышты емес. Себебі депривацияның әсері адамның қабылдауына байланысты. Бұл жай ғана қоршаған ортаның өзгеруі. Ал адам ағзасы бұған қайта бейімделе алады. Мысалы, кейде тамақтануды шектеу азаппен бірге жүрмейді. Өйткені адам бұған саналы түрде жол береді.