Әлемде цифрлық дағдысы бар маманға сұраныс жоғары

Әлемде цифрлық дағдысы бар маманға сұраныс жоғары
Фото: freepik.com

Әлемдік компанияларда цифрлы машығы бар қызметкерлерге сұраныс жоғары. Осы бағыттағы мамандық иелері шекара асып, жақсы жұмыс орнын іздеуге құмар. Сондай-ақ оларға қызметте тез өсуге жағдай жасалған. Мұндай қорытындыға 180 елден 27 мың цифрлы сарапшылар арасында сауалнама жүргізген The Boston Consulting Group (BCG) консалтингтік компаниясы мен  The Network кадрлық агенттігі келген. 

Цифрлы мамандықтың иесі деп кімді айтады?

- деректерді тауып, өңдеп, сараптаушылар;

- бағдарламалау және веб-әзірлеу;

- сандық маркетинг, оның ішінде маркетингтік сараптау және көшбасшы пікірлері бойынша маркетинг;

- сандық дизайн, оның ішінде пайдаланушылық тәжірибені (UX) және пайдаланушылық интерфейсті (UI) қоса алғанда;

- мобильді қосымшаларды әзірлеу;

- машинамен оқытуды қоса алғанда жасанды сана (ЖС)

- икемді жұмыс әдістері (agile);

- роботты техника және автоматтандыру.

Дәл қазіргі уақытта жасан сана саласы (сауалнамаға қатысушылардың 14% таңдаған) мен agile-сарапшыларға (18%) сұраныс жоғары. Бұған қоса цифрлы дағдысы бар қызметкерлер өзге саланың мамандарына (67%) қарағанда жоғары білім алғандары (80%) көбірек. Оның 38% бакалавр, 38% магистратура немесе аспирантураны аяқтаған. Ал 4% - ғылым докторы. 

Зерттеуге сәйкес цифрлы мамандық иелері ірі компаниялармен жұмыс істеуге басымдық береді. Екінші орында өз бетінше жұмыс істеу болса, одан кейін халықаралық бизнес саласы. Олардың тең жартысы қатардағы қызметкер болса, тек 29% басшылық қызметті атқарады екен. 

BCG және The Network сауалнамасы бойынша цифрлы мамандық иелері өзге саладағы қызметкерлеріне қарағанда жұмыс бабымен шетелге көбірек ауысады. Әсіресе, жасанды сана саласының қызметкерлері (70%) жұмыс бойынша басқа елге көшуге дайын.

А. Рысдәулет