Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары?

Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін айтты.

"Қазір жоғары сұранысқа ие 100 мамандыққа IT және цифрландыру саласының мамандықтары кіреді. Бүгінде негізінен 3D-модельдеу инженерлері, IT-мамандар, архитекторлар, дизайнерлер және туризм саласының мамандары жоғары сұранысқа ие болып отыр", - дейді Жылқыбаев.

Министрдің бірінші орынбасары сұраныс жоғары мамандықтарды дайындауда біраз мәселе барын айтты.

"Қазақстанда нақты ғылым педагогтарының аздығы байқалады. Өндіріс салаларында электр дәнекерлеуші, газ дәнекерлеуші секілді мамандар жетіспейді. Осындай кадрларды даярлауымыз қажет. "Атамекен" ҰКП бірлесеіп өндіріс орындарына қажет мамандықтарды анықтау мақсатында скрининг жүргіземіз", - деді ол.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі осыған дейін жыл басынан бері электронды еңбек биржасы арқылы 243 мың адам жұмысқа тұрғанын, биржада қазір 57 мың бос жұмыс орны туралы ақпарат барын айтқан болатын.

 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар