2019/2020 оқу жылына арналған гранттар тізімі жарияланды

2019/2020 оқу жылына арналған гранттар тізімі жарияланды
Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2019/2020 оқу жылына арналған гранттар тізімі жариялады. 

2019-2020 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы мынадай:

Биыл маусым айының 20-30 күндері аралығында өткен  Ұлттық бірыңғай тестілеуге 110 мыңнан астам оқушы қатысты.

Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардың балаларына бес мыңға тарта грант бөлінген. Әзірге гранттар нақты қай мамандықтарға бөлінетіні белгісіз. Тамыз айында жалпы конкурста грант ұтып ала алмаған тұрмысы төмен отбасылардың балалары жергілікті әкімдікке қосымша өтініш тапсырып, ҰБТ-да жинаған баллдарына қарай грант ала алады. 

Бұған қоса грант иегерлері оқу жылында 20 мың 940 теңге шәкіртақы мен жылына екі мәрте 4 ОАК есебінде жолға кететін ақша алады.

А. Рысдәулет