ВК: әлеуметтік желі кітапханасы

ВК: әлеуметтік желі кітапханасы
Фото: ibinform.ru

Әлеуметтік желінің өмірлік досымызға айналған жасырын емес. Әсіресе, Вконтакте желісін музыка тыңдап, фильмдер көру үшін кеңінен қолданамыз. Бүгін, ВК әлеміндегі кітапхана аталатын топтарды ұсынамыз. Бұл жерден аудиокітаптар мен әлем әдебиетінің электронды нұсқасын табуға болады.  
  • Сочная литература
Топта арнайы дәрістер, нон-фикшн мен зерттеу жұмыстары жарияланған. Әр жазбада тарихи анықтама бар
  • Другая литература
Таңдамалы көркем әдебиетті баспа не аудио түрінде таба аласыз.
  • Библиотека программиста
Заманның қарқынды дамуына назар аударар болсақ, болашақта бағдарламалау тілін білу ағылшын тілін білу секілді өзекті болатындай. Сондықтан, кодинг жайлы бір кітапты оқу не сақтап қою артық етпейді.
  • Аудиокниги
Атауы айтып тұрғандай, бұл топта аудио түріндегі кітаптарды таба ласыз. Әсіресе, музыка тыңдағанды ұнататындарға бар қызығын аудиокітапқа алмастыруды ұсынамыз.
  • Книги о кино
Жақсы фильмді таңдай білу де шеберлік. Егер сіздің бойыңызда кино сыншығы тән қабілет болса, бұл топтағы арнайы әдебиеттермен танысуға кеңес береміз.
  • Private Law Library
Заңгер үшін таптырмас көмекші болатыны сөзсіз: ғылыми зерттеулер, құқықытың түрлі тарауына арналған жазба жұмыстары.
 • Әдебиет ошағы
Егер қазақ әдебиетін сүйіп оқитын болсаңыз, бұл топ сізге уақытыңызды тиімді пайдалануға көмектеседі.

Т. Есқали