Фриланс: ұтымды және тиімсіз тұстары

Фриланс: ұтымды және тиімсіз тұстары
Фото: http://startupreviews.ru/

Фриланс және жоба жұмыстары — кәсіптік қоғамның болашағы іспеттес. LinkedIn зерттеуі бойынша АҚШ тұрғындарының 43% жұмысшы өкілі фрилансер ретінде қызмет атқаратын болады. Сонымен қатар, әлемдегі әрбір бесінші маман фрилансер ретінде қызмет етеді. Бүгін фриланс қызметінің қаншалықты тиімді екенін әрі оның жағымсыз тұстарын да атап көрсететін боламыз.

(+) Сізге кеңсеге баруды қажеті жоқ. Статистикаға сүйенсек, 78% фрилансер үйде жұмыс істейді. Тек кейбірі ғана кафе немесе коворкинг аймақтардыы керек етеді. Фриланстың ең басты ұтымды тұсы – жұмысшының кеңсеге және уақыт кестесіне тәуелді болмауында. Адам  жұмыс кестесін өзінің ыңғайына сай үйлестіре алады.
(–) Тайм-менеджмент пен өзіндік ұйымдастыруға үйренуге тура келеді. Фриланс ретінде қызмет атқаратын болсаңыз, өз жұмысыңызға екі есе артық жауапкершілікпен қарайтын боласыз. Уақытыңызды үй жұмыстарына, өзге де іске тиімді бөлуді үйренуіңіз керек.
(+) Жол ақысы мен тамаққа ақша үнемдейсіз. Кафедегі түскі астар, жолға, такси мен автобусқа шығындалу табысыңыздың басым бөлігін жұмсауға мәжбүрлейді. Фриланс ретінде жұмыс істеу арқылы айына сіз артық шығыннан құтыласыз. Оның үстіне, артық киім сатып алудың қажеттілігі болмайды.
(–) Сізде демалыс болмайды. Тапсырыс беруші фрилансердің үздіксіз байланыста болуын талап етеді. Олар уақыттың жиі тиімді пайдаланбайтындықтан, демалыс күндері де жұмыс істеуге мәжбүр болады немесе кейде мазасыз бастық тап болуы әбден мүмкін.
(+) Әлемнің кез келген бұрышында отырып жұмыс істей аласыз. Жұмысқа тек ноутбук, интернет керек кезде өмір әлдеқайда жеңілдей түседі. Фрилансерлердің 80% өмірлерінде бір рет болсын жұмыс пен саяхатты қатар алып көргені анық.
(–) Сізде тұрақты жұмыс пен айлық болмайды. Барлығы өзіңіздің қолыңызда. Жобаны уақытылы аяқтасаңыз, соғұрлым жалақыңыз артады. Айына қанша жобаға жауап беретіңізге де байланысты. Кейде мүлдем тапсырыс болмайтын кездер болады.
(+) Бірнеше жобамен қатар жұмыс істейсіз. Бір уақытта тапсырыстар саны артуы мүмкін. Дизайн, копирайтинг, жарнама саласында соңғы уақытта сұраныс артып келе жатқандықтан, фрилансерлердің де саны арту мүмкіндігі жоғарылап отыр.
(–) Адамдармен сирек араласа бастайсыз. Офисте бірнеше адам жұмыс істейтіндіктен, топтық жұмысқа, адамдармен қарым-қатынас құру дағдысына үйренуіңіз мүмкін. Дегенмен, жалғыздықта жұмыс істеу кезінде бұл дағдыларды ұмыта бастауыңыз мүмкін. Сондықтан, достарыңызбен жиі уақыт өткізуге тырысыңыз.

Т. Есқали