Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ғылым құрметіне қойылған ескерткіштер

Ғылым құрметіне қойылған ескерткіштер

Ғылым құрметіне қойылған ескерткіштер

Ғалымдар әрдайым ізденіс үстінде жүріп, ғұмырының біраз бөлігін ғылымға сарп етеді. Бірақ олардың тек санаулылары ғана шын мәнінде ғылыми ашу жасайды. Демек тек санаулы ғылыми жетістіктер ғана мадақталып, оларға ескерткіштер қойылады. Назарыңызға ғылым құрметіне қойылған әлемнің әр бұрышындағы ескерткіштерді ұсынамыз.

"Мебиус лентасы", Мәскеу, Ресей

1997 жылы Мәскеуде Мебиус лентасына ескерткіш қойылды. Лентаны ғылыми айналымға енгізген неміс математигі Август Мебиус болатын. Ғалыммен бірге Иоганн Листинг те дәл осындай ғылыми тұжырым жасаған. 

Лента пайда болмай тұрып, кез келген тегіс нәрсенің екі жағы болады деп есептелген, бірақ Мебиус лентасы геометриялық объектілер біржақты болатынын да дәлелдеп берді. Теорияның көрнекі демонстрациясы төмендегі видеода көрсетілген.

Мебиус лентасының құрметіне әлемде талай ескерткіш бар. Мысалы Астана қаласында да 2003 жылы орнатылған екен. 

Вильгельм Рентген құрметіне қойылған ескерткіш, Гисен, Германия

Икс-сәулені ашқан атақты неміс физигі Вильгельм Рентген бірнеше жыл бойы Гисен университетінде дәріс оқыған. Ол қаладағы Ескі бейітте жерленген. Физиктің қаламен байланысын мәңгі сақтау үшін, ғалымның ең басты жаңалығына ескерткіш орнатылған. Монумент қала орталығындағы театр қасында орналасқан және құрылымында тастарды тесіп өткен металл сәулелер бейнеленген. 

Керосин шамды ойлап тапқандарға қойылған ескерткіш, Львов, Украина

Львов қаласында 2008 жылы керосин шамның авторлары Игнаций Лукасевич пен Ян Зехке арналып ерекше ескерткіш орнатылды. Инсталляция ғалымдар арасындағы қарым-қатынас негізінде жасалған. Үстелде Зех керосин шаммен бірге отыр, ал қасындағы орындық бос. Ол Лукасевичтің орны еді, бірақ ол үшінші қабаттағы терезеден қарап тұр.

Пауль Вальден құрметіне қойылған ескерткіш, Рига, Латвия

Ригадағы Латвия университетінің биология факультетінің қасына алма қышқылының молекуласы бейнеленген ерекше ескерткіш орнатылған. Монумент Нобель сыйлығына екі реті ұсынылған ғалым Пауль Вальден құрметіне қойылған. Ол вальден инверсиясының арқасында танымал болды. Бұл инверсия бір кеңістік изомерлерін басқасына ауыстыра алады. Вальден алма қышқылын көп зерттеген ғалым, сондықтан да монумент алма қышқылының молекуласының формасында жасалған.

Лаборатория тышқанының құрметіне қойылған ескерткіш, Новосибирск, Ресей

2013 жылы Новосибирск қаласындағы Академиялық саябақта лаборатория тышқанынына ескерткіш орнатылды. Ескерткіш ғалымдардың лабораторияда түрлі сынақ жасалатын тышқандарға деген құрметі мен ризалығын көрсетеді. Тышқан лаборатория халатында ДНҚ спиралін "тоқып" отыр. Оның сұлбасын жасаған сәулетші Андрей Харкевичтің идеясы бойынша, бұл – үлкен ғылыми жаңалықты ашқалы жатқан ғалымдар мен ғылымның жиынтық образы.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Қосылған күні: 16 сәуір, 13:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.