Алматыдағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жұмысы

Алматыдағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жұмысы
Фото: libraryalmaty.kz

"Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемелер қатарындағы ұйым. 1984 жылы құрылған.

Коммерциялық емес ұйымның құрамына 25 кітапхана енеді. Атап айтар болсақ, А.П Чехов атындағы қалалық орталық кітапхана, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, С.Бегалин атындағы қалалық балалар кітапханасы, және 23 кітапхана филиалдарының ішіне И.А Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы, Қазақстан жазушылары кітапханасы, 13 көпшілік және 7 балалар кітапханасы кіреді.

Қазіргі уақытта ОКЖ кітапханалары кітапті сақтау және ақпарат берумен шектелмейді, олар кітап оқумен және кітаптарды насихаттауға бағытталған.

Алматының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі дәстүрді нығайту, мәдени құндылықтардың таратылымын қамтамасыз ету және адамдардың шығармашылық қабілетін дамытуға үлес қосуда.

ОКЖ кітапханаларының материалдық-техникалық базасының нығаюы, пайдаланушының заманауи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оңтайлы жағдай жасауда.  Компьютерлендіру және автоматтандыру процестері жалғастырылуда. Кітапханаларда интернет желісі көпшілікке қолжетімді. Пайдаланушылар электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

ОКЖ кітапханаларында жаңа технологияларды пайдалануы оқырманға әр түрлі қызметтерді алуға мүмкіндік береді және оларды кітапханаға тартады. Кітапханаларда электронды каталогтың ретроспективті бөлігін өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, кітапханаларда кітап қорларын штрихкодтау жүргізілген. Одан өзге электрондық каталогты жаңа әдебиеттермен толықтыру жұмыстары жүруде.

Кітапхана серіктестері қатарында университеттер, колледждер, орта мектептер, оқушылар сарайы, өнер мектептері, музыка мектебі,  Жазушылар одағы, мектепке дейінгі балалар мекемелері , салауатты өмір салты қалалық басқармасы, қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері, ұлттық-мәдени орталықтар, Дін істері жөніндегі басқармасы , қалалық мұражайлар, БАҚ, балалар үйлері және аула клубтары бар.

Алматы қаласының кітапханалары қала тұрғындарына ұлттық салт-дәстүр, тарих, құқық, әлеуметтік, көркем әдебиеттерді насихаттайды және оқырмандарға ақпарттық қызмет көрсетеді. Республика, қала көлемінде болып жатқан елеулі оқиғалар, ОКЖ назарынан тыс қалған емес.

Назира Бұрқанова

Н. Үсенова