Замандас ұстаз-ғалымның жарқын келбеті

Замандас ұстаз-ғалымның  жарқын келбеті
Фото: автор

Иә, сонау 1959 жылдың 2 қаңтарында Жамбыл облысы, Шу ауданының Ақсу ауылында сол кезде ел ағасы атанған, белсенді, сауатты, алдына келген ауылдастарының дау-дамайын ың-шыңсыз әділдігімен шешіп, қалың елге қамқорлығымен танылып, бір ауылдың тірлігі мен бірлігін ұйытып отыратын, сөзге шешен Әбдіқұл (әкесі би болған) "болыстың" (ауылдастары оны солай атаған) көптен зарыға күткен немересі дүниеге келеді. Әжесі Нұрипаның да қуанышы қойнына сыймайды. Түсінде үкі көргенін, қыз деп жорығанын айтып, барын тойға шашады. Ал атасының көңілі шат болып, "ұзақ күткен немеремді сүйдім, енді көңілім раушан болды!" деп атын Раушан қояды. Раушан өсе келе атасының тізесіне сүйене отырып, құймақұлақ ақсақалдардың әңгімесін, аңыз-ертегілерін, шешендік сөз үлгілерін тыңдап, көкірегіне сіңіре береді. Атасы Әбдіқұлдың сөз өнеріндегі тәлімін алған Раушан мектепте жүріп, "Қазақстан пионері" газетіне үзбей мақалаларын, ойдан шығарған қызықты ертегілерін жариялап тұрады. Жазушы болуды армандайды. Атасы, әкесі Мәми (тарихшы-ұстаз болған кісі) оқыған М.Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б. жазушылардың көркем шығармаларын, тарихи дүниелерін олармен таласа оқиды. Сондайда атасы "төлбасым" деп ерекше еміреніп: "Сен педагог-ғалым боларсың" дейді екен.

Иә, Раушан жастайынан атасының аузынан Бөлтірік шешен есімін жиі естіген. 1981 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ  Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, 1981-1994 жылдар аралығында "Жазушы" баспасында корректор, редактор қызметтерін атқарып, мол тәжірибе жинақтап, қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология факультетіне оқытушылық қызметке келгеннен кейін, университеттің белді профессоры, филология ғылымдарының докторы Жанғара Дәдебайұлы Дәдебаевқа Бөлтірік шешеннің мұрасын зерттеу мақсатын көздейтінін жеткізеді. Профессор қуана қабыл алады. Сөйтіп, 2001 жылы Ж.Д. Дәдебаевтың жетекшілігімен  қазақ әдебиеті мамандығы бойынша "Бөлтірік Әлменұлының әдеби мұрасы" атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғайды. Бала кезінен атасы бойына сіңірген сөз өнеріне деген шексіз құштарлығының арқасында және  білімпазғұлама Ж. Дәдебаевтың көреген жетекшілігімен Бөлтірік Әлменұлының дүниетаным байлығын, ақыл алғырлығын, сөзге тапқырлығын, еларалық ынтымақты сақтаудағы көреген көсемдігі мен шешендік шеберлігін, кісілік асқақ рухын, қоғамдық қызметін ғылыми  негізде қорытындылайды.

Бөлтірік шешеннің өмірдің кейбір жайларын, адам мінезінің қалтарыстарын соны философиялық-көркемдік деңгейде суреттеуге шеберлігін айта келіп: "Бөлтірік шешеннің аналогиялық ой қорытуының ежелгі дүние ойшылдарымен ұқсастығы адамзат дүнесі арасындағы үзілмес ұлы байланыстың мәңгілігін, көркемдік таным әлемінің тұтастығын танытады" деп терең тұжырым жасайды. "Бұлдырық шешен" атанған Бөлтірік Әлменұлының шешендік сөздерінің қазақ сөз өнерінің көркемдік-эстетикалық деңгейін биікке көтергенін ғылыми тұрғыда дәйектейді. Осы ғылыми зерттеу нәтижесі 2003 жылы "Бөлтірік Әлменұлының шығармашылығы" атты оқу құралының жарық көруіне басты негіз болады.

Бүгінде білікті ғалым-ұстаз Раушан Мәмиқызы "Жазушы" баспасы мен "Жалын" журналында қызмет еткен жылдарын "тәжірибеден тағылым алған жылдарым" дейді. Осы  баспаларда редактор  қызметін  атқарып, әлем әдебиетінің үздік шығармаларының қатарынан орын алатын Ә.Нұрпейісов, Т. Ахтанов, І.Есенберлин, Қ.Мұхамеджанов, О.Сүлейменов, Ә.Әлімжанов, Қ.Бекхожин, Х.Ерғалиев, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, Т.Әлімқұлов,  Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Нәжімеденов, С.Мұратбеков, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, т.б. қаламы жүйрік  қаламгерлердің шығармаларын редакциялап өз білімін жетілдіріп отырды. Олардың бойындағы суреткеліктің сыр мен сымбатын танып, әдебиет пен өнер туралы  құнды пікірлерін, түрлі талдаулар мен синтездік ой  пікірлерін талай естіп жадына түйіп жүрді.  Олардың құнды пікірлері мен әдебиет туралы толғамдары кейін әл -  Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология  факультетінде сабақ беріп жүргенде талай дәрістерге  арқау болды.Жазушы» баспасы мен «Жалын» журналында  қызметте жүргенде Р.Әбдіқұлова қазақ және туыстас тілдер әдебиетінің барлық жанрларын ой елегінен өткізіп, университетте алған теориялық білімін жетілдіруге тәжірибемен ұштастыруға үлкен ықпал еткенін өзі әрдайым айтып отырады. Әлем әдебиеті мен қазақ классиктерінің шығармаларынан рухани азық алған ол баспасөз бетінде көптеген әдеби мақалалар, көркем туындылар, аудармалар жариялады. Баспада тек әдебиет мәселелері ған емес аналитикалық, ғылыми – танымдық шығармалар да көптеп жарық көретін. Әдебиетің, тілдің  аккумулятивтік қызметі қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлт дәстүрін, оның рухани құндылықтарын ұрпқтан – ұрпаққа жеткізіп отырады. Ол университетте сабақ берген жылдарында әдебиеттің осындай аккумялитивтік қызметібілім мен тәрбиені қатар ұштастыруына көп  ықпалын тигізді.

Р. Әбдіқұлова 1994-2006 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультеті қазақ тілі кафедрасында ассистент, аға оқытушы және доцент міндеттерін атқарып, заң, экономика, тарих, филология, журналистика факультеттерінде сабақ берді, өзінің ұстаздық, ғылыми  оқу-әдістемелік тәжірибесін жетілдірді.   

Қазіргі уақытта Раушан Мәмиқызы қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры м.а қызметін атқарып келеді. Ал, білім берудің  жаңа платформалары күн сайын өзгеруде. жоғары оқу орындарында білім беру, өзге де ғылыми пәндердегі секілді, әдебиеттің де  бұрынғы міндетті ұстанымдары жаңаша жаңару үстінде.Көркем  әдебиеттің  өзекті мәселелері   жайында  айтқанда кешегі жазылған ғылыми ойларды   басты принцип етіп, филологияның тарихы мен теориясының жекелеген салаларына тереңдей еніп, қайшылығымол әр-түрлі ғылыми тұжырымдарды, атап айтқанда, фольклортануды, әлем  әдебиеті дамуының қазіргі тенденцияларының мәні мен маңызын, мифопоэтика және архетип, метамәтін және көркемдік инвариант, нарратология және дискурсивтік концепциялар, қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жеке адам мен қоғамдық санаға ықпал-әсері, интеграциялық процестердің көрінісі және оған қарсы интеллектуалдық ағымдар күресі, эстетикалық көзқарастар сипатындағы әлемдік өзгерістердің дөңгеленіп жатқан өлшемдерінің сипаттамасы жайындағы мәселелерді қайта зерделеудің әлеуметтік сұранысы күн сайын күшейіп отыр. Әдебиет  саласындағы  түрлі формалистік қағидалар, герменевтика және эстетика  тұжырымдары туралы жаңа теориялық сындырлы ғылыи зерттеулер қажет етеді. Жаңаны жасау үшін өткен тарихи білім көздерімен байланыстыру  оларға бүгінгі ғылымды дамыту тұрғысыана қайта үңілуге тура келеді. Аристотель, Пифагор, Платон, Аквинский, Кант еңбектеріндегі ой-тұжырымдарға диалектикалық шешім беру мәселелелері Р. Әбдіқұлованың дәріс сабақтарында айтылып отырады.

Университетте сабақ беріп қана қоймайды қстаз ғалым болып танылу үшінз ғылыми-зерттеу жұмыстармен де  айналысады. 2004 жылы ЖОО Ассоциациясы шығарған «Қазақ тілі анықтамалығын»  шығаруға қатысты. 2011 жылы "Қазақ тілі" оқулығы (авторлық бірлікте) жарық көрді. Әбдіқұлова Раушанның 1998-2018 жылдар аралығында ғылыми басылымдарда 100-ге жуық тіл және әдебиет мәселелеріне қатысты мақалалар жариялады. Олардың қатарында "Жанр және шығарма" атты зерттеулері, "Бөлтірік Әлменұлының шығармашылығы" атты оқу құралы, "Әдебиеттануға кіріспе" пәні бойынша тест жинағы және жақында ғана жарық көрген "Шешендік сөздердің көркемдік жүйесі", "Бөлтірік Әлменұлының поэтикасы" атты монографияларын атауға болады.

әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ғылыми жобалар мен ауқымды бағдарламалар жасауға университет ұстаздарының міндетті атқаратын қызметтерінің бір саласы. Осындай ғылыми жоба бойынша 2014 жылы 13-15 шілде аралығында АҚШ-тың Лас Вегас қаласында өткен психология ғылымдарының әлемдік конференциясына  арнайы шақырылды. "Қазақ сөз өнеріндегі интертекст мәселесі" атты баяндама жасады. Баяндамада қазақ әдебиеттануында интертекст мәселесін зерттеудің өзектілігі мен  фольклор  және ауызша әдебиет үлгілеріндегі интертекстуальдық байланыстарды қайта қарау,  осы бағытта қарастырылмауының себеп-салдары баяндалады. 2014 жылы 20-26 маусым аралығында "МҚ 1957 Абай-Шәкәрім шығармашылығын зерттеудің жаңа ғылыми бағыттарын негіздеу мәселелері" ғылыми жобасы бойынша Түркияның Стамбул қаласындағы Стамбул университетінің әдебиет факультетінің кітапханасында, басқа да қала кітапханаларында болып, Шәкәрім мұраларын іздестірді және докторант Мұрат Елмалының ұйымдастырумен университет оқытушыларымен сұхбаттасып, тәжірибе алмасып қайтты. Раушан Мәмиқызының негізгі ғылым ізденістері  бакалавриат, магистратура, докторантура үш сатылы оқу жүйесін түгел қамтиды.  Ол "Әдебиет теориясы", "Жанр типологиясы", "Әдебиет поэтикасы", "Шешендік өнер поэтикасы" тектес негізгі теориялық пәндер мен элективті курстардан, магистратурада "Көркем мәтін теориясы", "Композиция поэтикасы және нарратология", "Интертекстуальдық компаративистика және текстология", "Әдебиеттанудың өзекті мәселелері" пәндерінен дәріс оқиды.  Әбдіқұлова Раушан ғалымдығы әдебиеттанудың әр  түрлі  зәру  мәселелері жайында  жазылып жүрген еңбектері арқыл танылады. "Жанр және шығарма" атты еңбегі үш бөлімнен  тұрады. М. Бахтиннен басталып әлі тұрақталмаған жанр мәселесі туралы сөз болады. Әдеби тектер шығуын Аристотель, Гегель ойларымен сабақтастырып жүйелейді. Адамгершілік және гуманизм идеяларының қазіргі әдебиетте бейнеленуі, ұлттық және адамзаттық белгілердің синтезін саралауға арналған шығармалардың жазылуы, жаңа жанрлар тудыратындығы сөзсіз. Сондықтан қазақ әдебиеті үшін бұл саланы зерттеу - тың ғылым ойлар ұсыну маңызды.

Әдебиетші сабақ берумен ғана емес, әдебиетші қауымның ғылыми талдаулары мен бағыт-бағдарын қалт жібермей қадағалап отырмаса, ол әдебиет керуеніне ілесе алмай қалады. Раушан Мәмиқызы осы  салада да, аз болса да сазды ғылыми портреттер мен естеліктер жазды. Қазақ әдебиеттануы саласының мамандарына арнап  Х.  Сүйіншәлиев, Р.  Нұрғалиев, С. Садырбаев, З. Қабдолов, Б. Майтанов, М. Үмбетаев, Қ.  Мәдібай т.б  туралы ғылыми еңбектерін жазды.

"Жанр және шығарма"  туралы еңбегінің "Көңіл толқыны" деген бөлімінде Раушан Әбдіқұлова өзін аудармашы ретінде де көрсетеді.  Аударма саласы синтездік қиын өнер әркімнің тісі бата бермейтін  күрделі  жанр, осы салаға  қалам тартып, украин жазушысы Василь Шклярдың "Алып қанатты құс" ("Крук-птица нездешняя") атты туындысын аударды.

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының қазіргі елімізде жүзеге асуы көркем әдебиеттке тікелей қатысты екені баршаға аян.

ҚР  Президенті Н. Назарбаев "Мәңгілік ел" ұлттық саясатын қолдау мен жүзеге асыруда білім алушыларды патриотизм, адамгершілік рухта тәрбиелеуде Р. Әбдіқұлованың да зор үлесі бар. Қазіргі елімізде жүзеге асып жатқан білім модернизациясына қатысты халықаралық стандарттар, барлық әлемдік үрдістер, соның ішінде қазақ әдебиеттануының жаңа инновациялық бағыттары және технологиясын қолдану жаңа серпін береді.  Көркем шығармадағыөмір мен адам сезімінің оқырман  қабылдауында туындайтын сан алуан  тілектес, ниеттес  сезімдердің табиғатын студенттерге жеткізуде терең білім мен ғылыми көзқарастардың сабақтастығы әдебиет ғылымында өлшеусіз жүріп жатады. Көркем туындының көркемдік-эстетикалық өлшемдерінің сипаттамасын студенттерге талдап түсіндіру де, жаңаша ғылыми көзқарастар мен байыпты ой толғап, талдау, зерделеу, сараптау да  Раушан Мәмиқызының дәрістеріне тән деп айтуға болады.

Раушан Әбдіқұлова өзінің сара  мақсатынан  айнымайтын  асыл  қасиетін  өмірімен  де,  ісімен  де  дәлелдеп келе жатқан жан. Сонау беделді баспаларда редактор қызметін атқарып, әдебиет пен өнер салаларының алтын қорынан еркін сусындаған, атақты жазушы, қоғам қайраткерлерінің болмысынан, адамдық идеяларынан үлгі алған оның әдебиет әлемінің қатпарлы ғылыми қағидаларын жанын сала түсіндіру тәсіл-тәжірибесі одан дәріс алған  студенттерге ғана емес, қызметтес әріптестеріне де үлгі болуға тұрарлық.  Қасымызда жүрген адамдардың жақсы қасиетін, еткен еңбегін бағалап айтып отыру,оларды  мақтан  тұту,  өмірі мен қоғамда еткен еңбегін бағалай білу де жастарға үлгі-өнеге.  Көркем  әдебиет  сияқты  халықтың  рухани  қазынасының ту ұстаушыларының қалың ортасында жүрген, бойындағы  бар  білімі  мен  күш-жігерін,  таланты  мен  қайратын  осы  игілікті  істі  дамытуға арнаған жандарды да елеп ескеріп, мақтан тұту халқымыздың абзал қасиеті, оларды елеусіз, ескерусіз  қалдырудың еш қисыны жоқ. Осындай сәтте  ұстаз-ғалым Раушан Мәмиқызыныңесімі  аса  бір  ілтипатпен  ауызға  алынуға тиіс. Ғылымибағыттағы ізденістерін ғылым мен әдебиеттегі мұқтаждықты өтеу ниетінен туған маңызды іс деп бағалауға тұрады. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады деп  М.Әуезов айтқандай, Әбдіқұлова Раушан  әдебиеттің  өзекті мәселелерін үнемі ізденімпаздықпен жетілдірі әрі  өз дәрістерінде жаңа заманауи әдіс-тәсілдерді де қолданады.2008 жылы Р.М. Әбдіқұлова ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қазақ тілін оқытудың озық әдістемесіне жариялаған конкурсында II дәрежелі дипломды иеленді

Ұстаз-ғалым Раушанның жары Бейбіт Қайынұлы да ел игілігіне еңбек еткен азаматтардың бірі, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төсбелгісінің иегері,бұлардың екі ұлы Бекнұр мен Ернұр еліміздің әр саласында еңбек етуде. Бұл күнде немерелер сүйіп отырған өнегелі отбасының ардақты анасы, әжесі де Раушан әріптесіміз десек болады. Ұстазөз бойындағы ғылыми шығармашылығын білім алушының  бойына там-тұмдап болса да сіңіре білсе, оларға деген  деген сүйіспеншілікті жан-жүрегімен танытар болса, ол-кемел ұстаз.

ҚР әлемдік білім беру бәсекелестігіне түсе алатын, білімді де білікті жастарды тәрбиелеп жатқан оқу орындарының бірегейі – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және оның ұстаздары. Солардың бірі – әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  ұстаз -ғалым Әбдіқұлова Раушан.    Замандас ұстаз - ғалымның  жарқын келбеті осындай.

Дина Әлкебаева

Әл-Фараби атындағы атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің профессоры,   
филология ғылымдарының докторы

Н. Үсенова