Ғасыр оқы: life-long learning деген не?

Ғасыр оқы: life-long learning деген не?
Фото: albertomatus.com

Life-long learning — жаңа ақпаратқа қанығу мен білім алудың үздіксіз үрдісі негізінде іске асатын жаңа білім жүйесі. Ол екі бағытта іске асады:
1. Құрылымды – жоғары оқу орны, тренингтер, курстар мен онлайн-оқу.
2. Құрылымсыз – өмір тәжірибесі. 

Тарихы: 
«Life-long learning» концепциясы өткен ғасырдың 70-жылдарында Еуропада пайда болды. 1971 жылы Францияда үздіксіз білім алу заңы қабылданған. 

Ал, термин алғаш рет 1968 жылы ЮНЕСКО конференциясында қолданылған. Ұйым life-long learning білім жүйесінің 2014-2021 жылдарға сәйкес әлемдік жоспарын құрастыруды өз қолына алды. 

Life-long learning маманға не береді? 
• Еңбек нарығында сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді. Үздіксіз оқу мен өзін-өзі дамыту адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, білімнің жаңғырып отыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адамның бәсекеге қабілеттілігі жетіледі. 

Ірі компанияларда ішкі оқу орталығы жұмыс істейді. Олар курстар, семинар-сабақтар, конференциялар өткізіп, жұмысшылар ақпарат алмасу үшін жиі іс сапарларға жібереді. Өзге мемлекеттерде тәжірибеден өтуін міндеттейді. 

• Ауыл шаруашылығында ақпараттық технологиялар белсенді қолданады. Бұл биотехнология деп аталатын жаңа саланың қалыптасуына алып келді. Білім беру жүйесі мен ақпараттық технологиялар қосындысы ірі онлайн білім жүйесінің негізін қалады: вебинар, видео-дәрістер мен видео-әңгімелесулер. Психологияда да жаңа бағыттар пайда болып, адам санасын қалпына келтіру бойынша емдер қабылдауға мүмкіндік алды. 
Бұл болашақ бірнеше мамандықты қатар игерген адамдардың қолында екенін дәлелдейді. 

• Қоғамдық даму: Үздіксіз білім алу адамның ойлау көкжиегін жетілдіріп, жаңа таныстар сыйлайды. Оның үстіне, lifelong learning адамның өзіне басқа қырынан қарап, өзінің іс-әрекетін әлемде орын алып жатқан жағдайлармен салыстыруға мүмкіндік береді. 

Life-long learning концепциясы: 
Билік тұрғысынан
• Оқу барысында бөлінетін шәкіртақылар; 
• Әлеуметтік жобалар мен оқуды қаржыландыру, гранттар; 
• Дайындық курстары мен біліктілігін арттыру мақсатындағы арнайы сабақтар. 
• Педагогикалық инновацияларды қаржыландыру. 

Жұмыс беруші тұрғысынан: 
• Оқу курстары, тренингтер, мансап жолына сәйкес арнайы бағдарламалар. 
• Тәжірибе барысында үйрену – жаңа жобаларды ойлап шығару және жүзеге асыру. 
• Қызметкерлердің біліктілігін арттыруда шығынды молайту. 

Жұмысшылар мен қызмет тұрғысынан: 
• Ұзақ мерзімді мансап жоспары. 
• Екінші жоғары білім. 
• Біліктілікті арттыру: тренинг, курс, семинар. 
• Өзін-өзі дамыту: онлайн-курс, кітап оқу мен өзге де тәсілдер. 

Білім алу ешқашан кеш емес. Үйренемін деген ниетіңіз болса, оны кез келген уақытта шындыққа айналдыруға болады. «Ғасыр оқу» тіркесі де адамның тек бір орында тоқтап қалмай, ілгері жылжуымен байланысты.

Сіз қазір қай деңгейдесіз?

Т. Есқали