Ғасырдан кейінгі қауышу: «Айқап» журналы ізімен

Ғасырдан кейінгі қауышу: «Айқап» журналы ізімен
Фото: GetBg.net

Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық серіктестікке құрылған ХΙV форумда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы мен академик ректор Ғ.Мұтанов Ресей Федерациясындағы Челябинск облысы Троицк қаласында болды. Дәл осы Троицк қаласында, бұрынғы Ұлы Жібек жолы қиылысында 1911-1915 жылдар аралығында алғашқы қазақ журналы «Айқап» басылып шыққан.

Троицк қаласы, даңқты сәулетті транзиттік сауда орталығы, жәрмеңкемен аттас отаны (Мағынай, Маңдай базары), Расулия медрессесі, алғашқы қырғыз (қазақ) мектебі қазақстандықтарды жылы қарсы алды.

Форум логистикасымен бірге редактор, публицист, ағартушы М.Сералиннің 145 жылдық мерейтойы қатар келді. Троицк басшысының қабылдауында ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов пен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің ректоры Х.Уәлиев Челябинск Форумының басты мақсатына тоқталды. Мұндағы басты міндет академиялық мобильдік және рухани жаңғыру. Биыл бұл форумға бірінші рет Қазақстан мен Ресейден барлығы 130 ЖОО қатысып отыр. ҚазҰУ базасында қайта туған бала Сералин – «Айқап» Ресей мен Қазақстан халықтары, Орталық Азияны жалғастыратын рухани көпір болды. ҚазҰУ қоғам санасындағы жаңғыру дәстүрін белсенді түрде дамытып келеді, бірнеше ғасыр бұрын Алаш ардақтылары армандап кеткен әрі елбасы Н.Назарбаев мақаласына орай енгізілген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.

Троицк басшысы Г.Виноградов жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті қол қолдап қолдайтынын айтып, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін тілге тиек етті. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университеті мен ҚазҰУ делегациясы, қазақ зиялылары Троицкіде Батыс-Орал мемлекеттік аграрлық университетіне және «Айқап» журналына қатысты жерлерге барды. Троицк қаласында қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов 18 рет белдесіп, жеңіске жеткен, басқа да зиялылар С.Торайғыров, М.Сералин, А.Ғалымов, Б.Изтолин осы жерде оқыған, жұмыс істеген.

Троицкідегі аймақаралық серіктестіктің мәні зор, білім саласында да, қазақ мектептерінің тарихы жөнінен де маңызды орынға ие. Троицк қаласына сапар барысында қонақтар біраз қызықты деректерге қанық болды. Ыбырай Алтынсарин тұрғызған Расулия медресесін, қазақ мектебін көріп, баспамен, Сералиннің «Қазақ газетін» (1907) шығарған баспамен танысты.

Троицк қаласында жыл сайын Расул оқулары өтеді, ғылымды нұрландырып, алыс шетелдерге де асырып жатыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да Расул оқуларына арнайы шақырту алды. Троицк қала әкімшілігіне, мұражайына ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов сыйлаған Сералин портреті, «Айқап» журналының тарихи тақырыптық триптихі, кітап, «Айқап» журналының қзіргі нұсқасы, тағы басқа сыйлықтарды қуана қабылдады.

Университеттен делегация келгенінен хабардар болған басқа облыстағы мәдени белсенділер, «Айқап» және «Арман» мәдени орталығының мүшелері келіп, қарсы алды. Троицктің «Ақжайық» вокалды тобы және Қостанайдан келген студенттер дайындықсыз импровизациялық концерт қою арқылы көрермен қошеметіне бөленді. Алматы – Қостанай – Троицк – Челябинск энергетикалық қуатты портал Форум күні халыққа бейжай қарамайтынын көрсетті.

Мұқанова Гүлнар

@. @assel_assanova