Жаңа қазақ әліпбиінде 25 әріп болады

Жаңа қазақ әліпбиінде 25 әріп болады
Фото: Mark Demesmaeker

Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов парламенттік тыңдау барысында латын әліпбиіне көшу мәселесі жайында және жаңа әліпбиде қанша әріп болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаңа әліпбидің жобасын ойластыру кезінде бірінші кезекте қазақ тілінің дыбыстық жүйесі ескерілді. Осылайша, 25 әріптен тұратын әліпби ұсынып отырмыз. Әліпби мынандай принципке негізделді: бір әріп - бір дыбыс, бір әріп - екі дыбыс және бір дыбыс (диграф жүйесі). Әліпбиде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толықтай сақтап қалу мақсатында сегіз диграф қосылды. Яғни,ерекше 8 дыбыс қойылды", - деді Ербол Тілешов.

Айта кетейік, Ербол Тілешов филология ғылымдарының докторы және латын әліпбиіне көшу мәселесін зерттеуме айналысқан жұмыс тобында қызмет етті. Сондай-ақ, философия ғылымдарының докторы жаңа әліпбиде тек латын әліпбиінің байырғы әріптері болатынын айтып өтті.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Ө. Сансызбай