Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Бүгін грант тізімінде болмасаң, ертең Forbes тізімінде боласың!

Бүгін грант тізімінде болмасаң, ертең Forbes тізімінде боласың!

Бүгін грант тізімінде болмасаң, ертең Forbes тізімінде боласың!

Кеше ғана грантқа түскендердің тізімі шығып, бірі қуанып, енді бірінің еңсесі түскені анық. Қайткен күнде де бұл өмірдің заңдылығы солай. Осы орайда грантқа түсе алмаған досымызды жігерлендіргіміз келеді. Грант – өмірдің соңы емес. Сенің әлі мүмкіндігің көп. Ендеше, Асхат Қасенғалидың мына сөздері саған шабыт сыйлап, жігеріңді жаниды деп сенеміз. 

Қадірлі грантқа түспеген досым! Бүгін грантқа түскендердің тізімінен өз есіміңді таппай, өмірге налып, баз кешіп, сағың сынған болар. Жалғанды әділетсіз санап, өмір тоқтағандай күй кешіп отырғаныңды білемін. Сәтсіздікті бақытсыздыққа балап, болашағым бұлыңғыр, келешегім көлеңкелі деп ойларсың. Бірақ бұл мына өмірдің кішігірім сынағы ғана. Тағдыр сені әлі талай сынайтынын, сынағанға шын мықтылар шыдайтынын ұмытпа.

Бірінші сүрінгеннен бас тартса, әлем талай ұлылардан айырылар еді. 302 мәрте қаржы сұрап барып, 303-ші талпынысында ғана демеуші тауып, мультфильм түсірген Уолт Диснейді, 38 ойында қатар жеңіліп, ақыры спорт залға түнеп, дайындық жүргізіп, әйгілі болған Майкл Джорданды еске бір ал.

Үшінші талпынысында ғана кино академиясына түсе алған Стивен Спилберг, бірінші сәтсіздігінде қолды бір сілтегенде, әлем керемет режиссерден айырылып қалар еді. Төртінші талпынысында ғана президент болған Авраам Линкольн бірінші жеңілісінде өз арманынан бас тартса, АҚШ бәлкім әлі құлдық жүйе негізіндегі, тоталитарлық ел болар ма еді.

Бүгінгі сүрініс – ертеңгі үлкен секірістің белгісі. Оқы, оқи түс. Өзіңді қамшыла. Еңсең түспесін. Уақытыңды құр жіберме. Сонда ғана келер жылғы білім бәйгесінде оқ бойы озық келесің. Бүгінгі грант иегерлері тізімінде жоқтығың, бәлкім ертең сені Forbes тізімінен шығаратын жігер, талап, намыс сыйлар. Бастысы, бетің қайтпасын!

2043 2
Рейтинг: +7

Фото: vk.com
Қосылған күні: 11 тамыз, 11:13
Пікірлер
+1
11 тамыз, 15:05

100 % келісемін!

+1
11 тамыз, 16:00

Тақырып өліп тұр екен)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...