«Айқап» журналының жаңа шығарылымына сұраныс артып келеді

«Айқап» журналының жаңа шығарылымына сұраныс артып келеді
Фото: Өңделген

Көптеген ата-ана қазақ тілі мен орыс тілін қатар меңгерген балалары мен немерелеріне арналған қос тілді журналды қайдан табуға болады деген сұрақпен бас қатырады. Олар тіпті ағылшын тілін де терең меңгеруі тиіс. Ал ол үшін құрғақ оқулықпен ғана шектеліп қалмай, қызықты, әсерлі материалдар оқуы тиіс. Бұл қалауы орындалатын да күн туды. «Айқап» журналының 2017 жылғы нөміріне жазылу арқылы немесе 2016 жылы шыққан 1-4 шығарылымдарын алу арқылы сұранысты қанағаттандыруға болады.

Мұнда тарихшылардың, мәдениеттанушылардың, этнографтардың, өлкетанушылардың, архитекторлардың мақалалары, сүйікті отанымыз Қазақстан туралы, түркі мәдениеті туралы көптеген жазбалары жарияланған. Төртінші нөмірі жан-жақты ілім жинауға бағытталып құрастырылған.

Төртінші нөмірінде қазақ жұртына танымал Нығметжан Есенғаринмен жүргізілген «Арман түбінде ақиқатқа айналады» тақырыбындағы сұхбаты, Душанбелік мәдениеттанушы Сурайе Туйчиева жүргізген терең зерттеу, Роллан Сейсенбаевтың Әбіш Кекілбаев жөнінде жазған «Қасқыр жүрек қазақтардан тәлім алған соңғы көш» прозасы, Назарбаев университетінің профессоры Александр Моррисонның 1916 жылдың құрбандарына арналған «Central Asia: interpreting and remembering the 1916 revolt» жазбасы жарияланды.

Халықаралық ғылыми «Айқап» жаңа журналында әртүрлі өлкенің, мемлекеттің, елдің, алуан тілдегі материалдары жарық көреді, басылым сонысымен құнды, бірегей, қызықты. Мағжан поэзиясына түркология призмасы арқылы (Қайролла Мұқанов), көшпенділер империясы (Нәпіл Базылханов), қазақ-белорус әдеби байланысы (А.Карлюкевич, С.Ананьева), түрік-иран мәдени диалогі (Aziz Arianfar, Ильхан Йерликая), қырғыз және поляктардың қазақпен қатынасы (профессор А.С.Кацевпен сұхбат, э.ғ.к. Ж.Бекболатулы) т.б. туралы материалдармен танысуға болады.

Кембридж университетінің профессоры, шығыстанушы, Азия және таяу Шығыс факультетінің деканы Чарльз Мелвилл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келгенде алған ерекше әсерімен де осы басылымда бөліседі.

Авторлар тұнық та терең жазбалары арқылыинтеллектуалдық қасиеттерімен алмасуына мүмкіндік туғызып, шығармашылық үшін университетіміз барлық қолайлы жағдай жасаған.

Басылым сыртқы безендірілуін жетілдіріп, ұсыныстарды қабыл алуға дайын. Қазіргі кезде аймақтық ЖОО-лар, кітапханалар университет мекенжайына хат жолдап, «Айқап» журналының 2017 жылғы нөміріне (индекс 74516) үздіксіз жазылып жатыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығының қолдауы арқасында Қазақстанның жетекші оқу орындары мен авторлары басылымға тегін қол жеткізді. Журналға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған эссе, проза, өлең, мақалалар қабылданатынынан да хабардар етеміз.

М. Ақан