Грант иегерлерінің тізімі қашан шығады?

Грант иегерлерінің тізімі қашан шығады?
Фото: news.kaznmu.kz

Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қарауды аяқтады. Грант алатын түлектердің аты-жөндерін анықтады.

Бірақ комиссия қорытынды тізімді қайта тексеріп шығуды тағы бір күнге ұзартуына байланысты, оны жариялау бір күнге кешеуілдеп отыр. Тізім «Егемен Қазақстан» газетінің 10 тамыз күнгі нөмірінде жарық көреді. Ал тізімнің басылым сайтындағы нұсқасын сіздер сол күні түнде, сағат 00:05-тен бастап көре аласыздар.

Дереккөз: egemen.kz

Ө. Сансызбай