Соңғы 100 жылда адамдардың бойы қаншалықты өсті

Соңғы 100 жылда адамдардың бойы қаншалықты өсті
Фото: inform.kz

Соңғы 100 жылда голландиялық ерлер мен латвиялық әйелдер планетадағы ең бойшаң адамдар болып танылды. Бұл туралы The Guardian басылымы NCD Risk Factor Collaboration зерттеу ұйымының есебіне сілтеме жасап хабарлады.

Зерттеуде айтылғандай, соңғы жүз жылда планетаның барлық тұрғындарының бойы өскен. Салыстыруға 1914 және 2014 жылдардағы 18 жастағы жер тұрғындарының бойына қатысты көрсеткіштер алынған. Жүз жылда ерлер мен әйелдер орташа алғанда 11 сантиметрге өскені анықталды. Айта кету керек, ерлер (орташа бойы 177,5 сантиметр) бұрынғыдай әйелдерден (164,4 сантиметр) биік.

Оңтүстік Кореядағы әйелдер соңғы 100 жылда 20 сантиметрге өсті. Ерлер арасында бұл көрсеткіш бойынша Ирак тумалары алда. Олар орташа алғанда 16,5 сантиметрге өсті.

Зерттеу авторы Джеймс Бентамның айтуынша, адамдардың бойының өсуі әлемдік тенденция. Ол соңғы 100 жылда адамдар жақсы тамақтанып, гигиена мен денсаулық сақтаудың жақсарғанына байланысты. 

Дереккөз: inform.kz

Г. Берік