Аягөз ауданында 600 орындық мектеп ашылды

Аягөз ауданында 600 орындық мектеп ашылды
Фото: baq.kz

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мұнда балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.

Мектептің салтанатты ашылуына аудан әкімі Бақытжан Байахметов қатысып, мекеменің қызметкерлері мен оқушыларын құттықтады.

Мектеп оқу сыныптарымен, психологиялық қызмет және логопед кабинеттерімен, асханамен, акт және спорт залдарымен, кітапханамен жабдықталған. Оқу бөлмелері талапқа сай кеңсе жиһаздарымен жарақтандырылған. Мектеп ауласында спорт алаңдары мен бос уақытты тиімді өткізуге арналған алаңдар салынған. Сабақтан тыс уақыттарда мектепте үйірмелер жұмыс істейді.

Айта кету керек, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында ауданда 140 орындық балабақша мен 60 орындық мектеп-лицей салынып жатыр. 

Дереккөз: baq.kz

Е. Жұмабайұлы