Ангус Дитон Нобель сыйлығына лайық деп танылды

Ангус Дитон Нобель сыйлығына лайық деп танылды
Фото: icdn.lenta.ru

Британиялық Ангус Дитон экономика саласында 2015 жылғы Нобель сыйлығының иегері атанды.

Бұл марапат Дитонға «тұтынуды, кедейлік пен халықты әлеуметтік қорғауды зерттеудегі үлесі үшін» беріліп отыр. Швецияның корольдік ғылыми академиясы жанындағы Нобель комитеті оның жекелей тұтыну сараптамасының рөлі маңызды деп атап өтті.

Айта кетейік, Альфред Нобельдің талабымен экономика саласында мұндай марапат берілмеуі тиіс. Сондықтан оның негізін 1968 жылы Швецияның мемлекеттік банкі құрды.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы