Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Аспаннан жауған ғажайыптар

Аспаннан жауған ғажайыптар

Аспаннан жауған ғажайыптар

Сіз де, біз де алып аспанның жаңбырды, қарды, тіпті, қар аралас жаңбырды тарту ете алатынын жақсы білеміз. Кейде жұлдызды да сыйлап жатса, біз үшін қалыпты құбылыс болып көрінеді. Бірақ, сол жомарт аспан ақылға сыймайтын, ешкім күтпеген дүниелерді жаудырып жатса, таң қалмасқа шарамыз қалмайды.

Сүт жауған күн

Оңтүстік Каролинадағы Честере жеріне сүт жаңбыр жауғанын естіп көрдіңіз бе? Оқиға мынадан басталды: Қалаға таяу маңда «Cremora» кофесіне арналған құрғақ сүт жасайтын зауыт жұмыс істейтін. Зауыттың шығару жүйесінде ақаулар болады да, ол істен шығып қалып, бүкіл сүт ауаға көтеріліп, қар аралас жауынмен бірге, жерге қайтып жауады. Осылайша адамдар аспаннан жауған сүтке шомылып, қызыққа батты.

Гольфқа арналған доптар

Аспаннан доп та жауып көрді! Мұны былайша түсіндіруге болады: Торнадо гольф ауласындағы доптарды ұшырып әкетеді де, басылғаннан кейін доптарды басқа бір жерге лақтырады. Аспаннан ағылып түскен допты көрген дүйім жұрт бұл жәйттан бейхабар еді.

Өрмекші

Қорқынышты түс немесе зәреңізді алатын фильмдер секілді болғанымен, бұл оқиға шынайы өмірде орын алған. Оның куәгері - Эрик Райс атты Санто-Антонио-да-Платинаның тұрғыны. Видеооператор болып қызмет атқаратын азамат оқиғаны камераға түсіріп алған. Anelosimus Eximius деп аталатын өрмекшілер ағашқа өрмек өріп жатқан жерінен желмен ұшып, жерге жауды.

Адам денесі

Сан-Диеголық Мэри Фуллердің есеңгіреуін көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Сегіз айлық баласымен әбіргерге түсіп отырғанда, олардың көлігінің алдыңғы терезесіне аспаннан адамның денесі құлап түседі. Аспаннан адам жауды! Кейіннен мұның апатқа түскен ұшақтан құлаған жолаушы екендігі анықталды, сол апаттан жалпы саны 144 адам қаза болған.

Сиыр

Жапониялық жасөспірімдер балық аулау қызығына батып жүргенде, олардың қайықтарына аспаннан сиыр түскен екен. Талып қалуға шақ қалған жігіттердің сөзіне ешкім сенбейді. Алайда, бірнеше апта өткеннен кейін, Ресейдегі ВВС арнасы өздерінің әуеге сиырды шығарғанын, ұшу кезінде жын соққандай құйтырқы әрекеттерге барғаннан кейін жануарды жерге тастауға тура келгендігін мойындайды.

Құрбақа

Арамызда құрбақалы жауыннан хабардар ағайындардың бар екендігіне сенімдіміз. Ал кейбіріміз үшін бұл тіптен таңсық құбылыс. Қысқасы, құрбақалы жаңбырдың себепкері - торнадо. Судан шұңқыр жасалады да, құрбақаларды өзіне шырмап алады. Жел басылысымен, жәндіктер жерге құлап, құрбақалы жаңбыр басталып кете барады.

Ақша


Аспаннан ақша жауғанын армандамайтын кім бар екен? Білесіз бе, сіз бен біз армандап жүргенде, француздық Бурже қаласы мен Чикаго тұрғындары бұл сәтті бастан өткеріп қойды. Бурженің аспанынан франктар мен Чикаго аспанынан долларлар жауғанда, бақыттан басы айналмаған адам болмады. Және дәл осындай жағдай Англияда 1968 және 1975 жылдары тіркелген.

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

11332 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 11 сәуір 2013, 14:06
Пікірлер
+0
11 сәуір 2013, 13:22

сиырдың ұшқаны :lol: :lol:

+0
11 сәуір 2013, 13:45

анау ақшаны айтамда неағып жүр кімнен қайдан ұшырып алып кетті екен торнадо :mrgreen: ішім жанып жатыр

+0
11 сәуір 2013, 13:54

ақша жауғанын ғана қалайтын сияқтысың ғой )))

+0
14 сәуір 2013, 01:23

ақша деген жақсы го. ақшаң болмаса несі жақсы. әйтпесе жүресің аркімнен қарыз сұрап

+0
11 сәуір 2013, 15:20

ақша жауса ғой

+0
11 сәуір 2013, 23:11

барлығының арманы бір ол ақша тіпті менің де хехе :lol:

+0
11 сәуір 2013, 23:13

2004 әлде 2005 теме бізде қоңыз жауған аспаннан. Ол кезде ешқандай жел, дауыл болмаған , мамыр айының кезі, күн шыжып тұрған еді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...