Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Табиғаттың жұмбақ іздері...

Табиғаттың жұмбақ іздері...

Табиғаттың жұмбақ іздері...

Намибия мен Анголдың шетсіз-шексіз даласынан өте ерекше құбылысты көруге болады: жер бетін саны жоқ дөңгелек дақтар басып жатыр. Бұл құбылыс негізінен 1971 жылы ашылып, ғылымға енгізілген болатын.

Дақтардың диаметрі 2-15 метр аралығында, ал олардың саны туралы нақты деректер жоқ. Және бір айта кетерлігі мұндай құбылысты тек қана адам тұрмайтын жапан даладан, қараусыз қалған аймақтардан кезіктіре аласыз.

Енді әдетімізше жоғарыдағы таңғажайып құбылыстың себебін іздеп көрейік! Химба жерінің тұрғындарының айтуынша, бұл дөңгелектер жер астын мекендейтін айдаһардың демінен пайда болған. Ал ғалымдар мұны құмырсқалардың немесе өсімдіктердің әрекеттерімен байланыстырады. Тіпті, химиялық қалдықтар мен токсиндердің әсері деген тұжырымдар жоқ емес.

Ең сенімді пайымдауды неміс биологы, профессор Норберт Юргенсу айтып отыр. Оның айтуынша, дақтар құм темиттерінің қозғалысынан туындап отыр екен. Яғни, жәндіктер белігілі бір аймақтағы өсімдіктерді қорек етіп болғаннан кейін жердің астына көміледі.

Биолог Уолтер Щинкель осы тұжырым бойынша "тәуелсіз зерттеу" жүргізіп көреді де, нәтижесінде бұл жерден ешқандай термиттерді таппағандығын мәлім етеді.

Жалпы, бұл жұмбақ құбылыс туралы болжамдардың ешбірі де дәлелсіз. Сондықтан, әзірге сіздер мен біздер мына бір суретке қарап, таңырқап қана отыра аламыз.

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2708 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 10 сәуір 2013, 18:08
Пікірлер
+0
11 сәуір 2013, 00:59

ауаның ластануынын жалпы жер бетінің ластануынын шыққан дақтар шығар :mrgreen:

+0
11 сәуір 2013, 09:51

үстінен қарағанда бір түрлі иа, қорқымышты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...